8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгроҚаржы» Қазақстанда көктемгі-егіс науқанын қаржыландырды

«ҚазАгроҚаржы» Қазақстанда көктемгі-егіс науқанын қаржыландырды 13.06.2014 Бүгінгі таңда отандық шаруагерлер көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізу үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша құны 10,3 млрд. теңгеге 1061 бірлік техника сатып алды. Жалпы, құны 12,6 млрд. теңге тұратын 1342 бірлік техникаға өтінім тапсырылды. Бүкіл Қазақстан бойынша шаруагерлер көктемгі-егіс жұмыстарын аяқтауда. «ҚазАгроҚаржы» АҚ да егіс науқанын жүргізуді қаржыландыру бойынша аралық қорытынды жасау үстінде. Биылғы жылы шаруагерлер сомасы 12,6 млрд. теңгеге 1342 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға өтінім берді. Оның ішінде – сомасы 10,3 млн. теңгеге 1061 бірлік техникаға шарт жасалып та қойған, сомасы 618 млн. теңгеге 108 бірлік техникаға өтінімдер мақұлданды, сомасы 1,6 млрд. теңгеге 173 бірлік техникаға өтінімдер қаралу үстінде және құжаттары жиналу сатысында тұр. «ҚазАгроҚаржы» АҚ сарапшылары биылғы жылы көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуды қаржыландыру сомасы өткен жылғы 300 млн. теңге көлеміндегі көрсеткіштен асып түседі деп болжамдауда. Ең ауқымды қаржыландыру сомасы Шығыс Қазақстан облысының фермерлеріне тиесілі(1,8 млрд. теңге), екінші орында – Солтүстік Қазақстан облысы( 1,7 млрд. теңге ), үшінші орында – Қостанай облысы, мұндағы фермерлер техниканы 1,3 млрд. теңгеге сатып алған. Техника шаруагерлерге жылдық 12,8 пайызбен лизинг талабына сай берілген. Бұл ретте мемлекеттік субсидиялар 7 пайызын жабады, сөйтіп, фермер үшін лизинг құны небәрі жылдық 5,8 пайызды құрайтын болады. Техника сатып алу үшін жалпы құнының 15 пайыз мөлшерін төлесеңіз жеткілікті. Кепілдікке мүлік талап етілмейді, техниканың өзі кепілдік болып табылады. Біздің елімізде ерекше сұраныста тракторлар, түрлі қажетті құрал-жабдықтар тұр. Қазақстандық мөлшердің көлемін естеріңіге сала кетелік. Биылғы жылы Семей автоқұрастыру зауытында(«СемАЗ») жасалған «Беларус 1221» маркасының 498, сонымен қатар МТЗ 80 және 82 тракторы және Петропавлдан «AVAGRO» ЖШС-нің 9 бүріккіші сатылып алынған. Жалпы алғанда, «ҚазАгро» ұлттық холдингі биылғы жылы көктемгі-егіс жұмыстарына 61,6 млрд. теңге жұмсауды жоспарласа, оның 40 млрд. теңгесі – бюджеттік несие. Ағымдағы жылы холдингтің еншілес компаниялары егіс науқанына қаражатты өткен жылдың осыған ұқсас несие өнімдері бойынша береді. Сонымен бірге, «ҚазАгро» алғаш рет бюджеттік несие есебінен екінші деңгейлі банктер арқылы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландырмақ. Несие ресурстарының жаңа көзі «Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес, ауыл тұрғындары үшін қаржыландырудың қолжетімділігін ұлғайту мақсатында іске қосылды. Жалпы ұлттық холдингтің егіс науқанына бөлген қаражаты 6,1 млн. га жерде агротехникалық іс-шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.

Вернуться к списку
;