8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Ауыл шаруашылығына салынатын инвестиция – тиімді агробизнес!

Ауыл шаруашылығына салынатын инвестиция – тиімді агробизнес! 11.06.2014 Ауыл шаруашылығы саласына инвестициялау мүмкіндіктері, қазақстандық нарықтың ерекшеліктері, агробизнесті дамытудың тартымды бағыттары – Астана қаласында 2014 жылғы 17-18 маусымда өтетін алғашқы Қазақстандық агроөнеркәсіптік инвестициялық форумның басты тақырыптары. Бүгінгі таңда «ҚазАгро» ұлттық холдингінің компаниялар тобында «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы саласының инвестициялық нарығындағы негізгі оператор болып табылады. Аграрлық сектордағы негізгі ірі инвестициялық жобаларды іске асыратын да дәл осы компанияның өзі. Соңғы төрт жыл ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқасында 1,7 млрд. евро сомасына инвестиция тартылған болатын, оның 45 пайызы – бюджеттік қаражат, ал қалған 55 пайызы – сыртқы көздерден тартылған қаражаттар. Сондай-ақ, 14 инвестициялық бағыттың шеңберінде 2009 жылдан бері 299 ірі инвестжоба қаржыландырылып, іске қосылған (өнеркәсіптік құс фабрикаларын, ірі жылыжайларды тұрғызу және модернизациялау, асыл тұқымды репродукторларды, көкөніс қоймаларын, астық қоймаларын, тауарлы-сүт фермаларын және т.б. тұрғызу). Тек өткен жылдың ішінде-ақ 63 жоба іске қосылған, ағымдағы жылы ауылдық жерлерде тағы да 65 жаңа жобаның іске қосылуы жоспарланып отыр. Форумның шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ агробизнес пен инвесторлардың (көпшілік бөлігі шетелдік инвесторлардың) арасында делдалдың негізгі рөлін атқарады. Іс-шарада 70 ірі халықаралық және отандық компаниялар – нарық қатысушылары мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның 56 қарыз алушысы қатысады. Әлеуетті инвесторлар үшін 5 «дайын шешімдер» ұсынылады, оның ішінде – Қостанай облысындағы ет бағытындағы қолданыстағы құс фабрикасының жабдығын модернизациялау бойынша, Ақмола облысындағы қолданыстағы өндірістің негізінде ІҚМ ұстау кешенін модернизациялау бойынша және басқа да жобалар бар. Сөйтіп, бұл қазақстандық нарықтың әлеуетін жұртшылыққа көрсетуге және инвесторлар мен бизнестің арасында жаңа қарым-қатынастар орнатуға мүмкіндік беретін болады. Форумға қатысу – инвесторлар үшін Қазақстанның агросекторындағы инвестициялық нарықтың барлық жағдаятын көруге, қаржысын салып, бизнесін дамыту үшін тартымды бағыттарды таңдап алуға өте жақсы мүмкіндік. Фермерлер үшін – одан әрі дамып, жаңа технологияларды енгізу және өнеркәсіп жолына көшу үшін жаңа қаржыландыру көздерін табу мүмкіншілігі. Дәл осы форумда осы топтар түйісу нүктесін тауып, жаңа келісім-шарттар жасай алады. Нәтижесінде, бұл Қазақстан агросекторының дамуына мәнді түрткі беріп, нарықта отандық азық-түлік тауарларының жайғасымын күшейтпек. Тұтас алғанда, бүгінгі таңда «ҚазАгро» ұлттық холдингі бойынша инвестициялық қоржында жалпы құны 250 млрд. теңгеден асатын шамамен 400 әр түрлі инфрақұрылымдық жобалар бар. Холдинг жобалардың іске асырылуын қаржыландыру мен бақылау ісін – ірі тауарлы-сүт фермалары мен өнеркәсіптік жылыжай кешендерін тұрғызудан бастап, тамшылатып суару жүйелерін енгізу мен мал бордақылау алаңдарын және асыл тұқымды ІҚМ репродукторларын құруға дейін ауыл шаруашылығының 17 бағытында жүргізеді. Қазіргі уақытта іске асырылатын барлық жобалардың ішінде жалпы сомасы 200 млрд. жуық теңгеге 300 өндірістік объект іске қосылды. Мына сайттан Форум жөнінде көбірек ақпарат алып, тіркеле аласыз: http://www.adamsmithconferences.com/event/agribusiness-agriculture-grain-kazakhstan.

Вернуться к списку
;