8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Дәруменді сыйлықтар

Дәруменді сыйлықтар 01.06.2014 «ҚазАгроҚаржы» АҚ қызметкерлері Урюпинка ауылында орналасқан өз қамқорлығындағы № 2 балалар үйінің түлектерін Халықаралық Балалар күнімен құттықтап, оларға пайдалы да дәмді сыйлықтар – алма, алмұрт, банан, киви, қызыл шие, ананас және тағы да басқа жемістерді сыйлыққа тартты. Мектеп сабақтары мен үй тапсырмалары артта қалды – балалар оқу жылын ойдағыдай аяқтады, енді демалыстың қызығына кәнігі болып жүр. Мұнда алғашқы жазғы күнді және онымен бірге Халықаралық Балаларды қорғау күнін құлаш жая атап өтті – өз күштерімен концерт ұйымдастырды, мерекелік дастарқан жайып, оның үстін «ҚазАгроҚаржы» АҚ сыйға тарқан жемістерімен толтырды. Әсіресе балалар ананасты көріп мәз-майрам болды. Дәруменді өнімдерді күнделікті ішіп-жеп тұрғанымен, ананас олар үшін экзотикалық жеміс қой. «ҚазАгроҚаржы» АҚ бірнеше жыл қатарымен қамқорлығындағы балалардың қамын ойлап отырады – балалар өз қамқоршыларынан мереке сайын жаңа сыйлықтар мен сюрприздер күтеді. Енді қамқорлықсыз қалған балалар, ал Балалар үйіндегі олардың саны 5 жастан 18 жасқа дейінгі 116 бала, жазға жоспарларын құруда. Бір бөлігі Ақкөл ауданындағы «Рассвет» балалар лагеріне, енді біреулері – Бурабайдағы «Звездный» лагеріне кетеді. Ал жоғарғы сынып оқушылары үйде қалып, жаңа оқу жылына дайындалады, өйткені бірер жылдан соң оларға колледждер мен жоғарғы оқу орындарына түсу керек болады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ қамқорлығындағы балаларға жаз айларын жақсы өткізіп, жаңа оқу жылының алдында демалып, күш жинауды тілейді!

Вернуться к списку
;