8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Алғаш рет мемлекет агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне инвестициялық субсидиялар төлейтін болды

Алғаш рет мемлекет агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне инвестициялық субсидиялар төлейтін болды 27.05.2014 ҚР Үкіметі Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларына қол қойды. Бұл құжатқа сәйкес Қазақстан Республикасында инвестициялық салынымдарды жүзеге асыратын агроөнеркәсіп кешен субъектісі болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға инвестициялық субсидиялар төленеді.Инвестициялық субсидиялар инвесторлардың Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешеніндегі жаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге,оның ішінде техника мен жабдықтар сатып алуға бағытталған шығындарының бір бөлігін өтейді. Инвестициялық субсидиялар инвестициялық жобаны іске асыруға кеткен шығындардың 20-дан 80%-ға дейінгі үлесін өтеуге бағытталған. «Қазагромаркетинг» АҚ-ның (Астана, Алматы ққ., облыс орталықтары мен 160 ауданда орналасқан) аймақтық желісі мен сall-орталығының негізінде (8 800 080 70 80 нөмірі бойынша) ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін инвестициялық субсидиялауға қатысты түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылған (Қазақстан бойынша стационарлық және ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін). Инвестициялық субсидиялау ҚР Үкіметінің 2014 жылдың 29 сәуіріндегі №421 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидалары негізінде жүзеге асырылады. Төменде инвестициялық субсидиялар төленетін өндіріс бағыттары мен бұл бағыттарға тиесілі субсидиялар көлемі көрсетілген кестелер беріліп отыр. Анықтама: «Қазагромаркетинг»АҚ-ның («ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес компаниясы) миссиясы ауылшаруашылық тауарлары мен қызметтерін дамытудың нарықтық инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады. Ол үшін компания өзінің ауылдық кеңес беру орталықтары арқылы қазіргі заманғы ең озық ақпараттық технологияларды пайдаланып шаруалардың ақпаратқа деген қолжетімділігін арттыруда. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру мақсатында 2006 жылы құрылды. Холдингтің құрамына «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ, «Қазагромаркетинг» АҚ кіреді. _________________________________________________________________________ «Қазагромаркетинг» АҚ-ның Баспасөз қызметі Мәнсия Сәкенова, +7 701 977 61 00, sakenova.m@kam.kz тел: 8(7172) 580-177, ішкі 154, http://www.kam.kz Инвестициялық салынымдардың бірінші тобы 1-бөлім. Ірі қара малдың (бұдан әрі – ІҚМ) тауарлы фермаларын кеңейту және техникалық жарақтау № Жоба атауы Жұмыс істеп тұрған тауарлы шаруашылықтарды техникалық жарақтауға бағытталған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру үлесі 1 Етті бағыттағы ІҚМ өсіру бойынша шаруа және фермерлік қожалықтарға техника мен жабдықтар сатып алу 50% 2-бөлім. Сүтті-тауарлы фермаларды құру және кеңейту 1 600 сиырдан тұратын сүтті-тауарлы фермаларды салу және кеңейту 20% 2 50 сиырдан тұратын сүтті-тауарлы фермаларды салу/кеңейту 50% 3 100 сиырдан тұратын сүтті-тауарлы фермаларды салу/кеңейту 50% 4 200 сиырдан тұратын сүтті-тауарлы фермаларды салу/кеңейту 50% 3-бөлім. Сыйымдылығы 3000 мал орнынан кем емес бордақылау алаңдарын құру және кеңейту 1 Сыйымдылығы 3000 мал орнынан кем емес бордақылау алаңдарын салу/кеңейту 50% 4-бөлім. Жемшөп өндірісі бойынша кәсіпорындар/шаруашылықтар құру және кеңейту 1 Асыл тұқымды ІҚМ өсіретін шаруашылық-репродукторлар үшін суармалы жүйелерді пайдалана отырып, жемшөп өндіру 50% 2 Сүтті-тауарлы фермалар үшін суармалы жүйелерді пайдалана отырып, жемшөп өндіру 50% 3 Құрама жем зауыттарын салу/кеңейту 20% 5-бөлім. Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымдарын салу 1 Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымының құрылысы 80% Инвестициялық салынымдардың екінші тобы № Жобаның атауы Жұмыс істеп тұрған тауарлы шаруашылықтарды техникалық жарақтауға бағытталған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру үлесі 6-бөлім.Етті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы және шошқа шаруашылығы бойынша шаруашылықтар құру және кеңейту 1 Қуаттылығы 500 аналық мал басынан кем емес етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды өсіру бойынша шаруашылық-репродукторлар салу/кеңейту 50% 2 Шошқа өсіру кешенін салу/кеңейту 20% 3 Селекциялық-гибридтік орталықтар салу 30% 4 100 биеден тұратын фермаларда тауарлық малдарды өсіру бойынша шаруашылықтарды кеңейту және техникалық жарақтандыру 50% 5 600 қойдан тұратын фермаларда тауарлық малдарды өсіру бойынша шаруашылықтарды кеңейту және техникалық жарақтандыру 50% 7-бөлім. Құс шаруашылығында кәсіпорындарды құру және кеңейту 1 Бройлерлік құс фабрикаларын салу 20% 2 Құстың жаңадан салқындатылған етін өндіретін құс фабрикаларын кеңейту 20% 3 Жылына 4500 тонна өнімге арналған күркетауықты өсіретін, соятын және оның етін қайта өңдейтін құс шаруашылығы кешендерін салу 20% 4 Жылына 3000 тонна жаңа салқындатылған етті шығару үшін күркетауықты өсіретін, соятын және оның етін қайта өңдейтін жұмыс істеп тұрған құс шаруашылығы кешендерін кеңейту 20% 8-бөлім. Суару жүйелерін құру және кеңейту 1 Жаңбырлатып және тамшылатып суарудың суландыру жүйелерін енгізуді инвестициялық субсидиялау 30% 9-бөлім. Астық және жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту 1 5000 тоннадан бастап астық сақтау қоймаларын салу және кеңейту 20% 2 2000 тоннадан бастап жеміс-көкөніс сақтау қоймаларын салу және кеңейту 30% 10-бөлім. Көкөністер және жемістер өсіру бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту 1 Жылыжай кешенін салу және кеңейту 30% 2 5 га қарқынды алма бақтарын отырғызу 40% 11-бөлім. Сүт және сүт өнімдерін қайта өңдеу, дайындау, тасымалдау бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту 1 Сүт қабылдау пункттерін құру 30% 2 Сүтті қайта өңдеу, сүт өңдейтін зауыттарды тәулігіне 40 тонна сүтті қайта өңдеуге кеңейту 30% 3 Автокөлік сатып алу (шағын сүтті-тауарлы фермаға сүт тасығыш) 30% 4 Жылына 100 тонна бие сүтін қайта өңдеу зауытын салу 30% 12-бөлім. Ет және ет өнімдерін қайта өңдеу, дайындау, тасымалдау бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту 1 Өнімділігі жылына 20 000 тоннаға дейінгі ет өндеу кешенін салу 30% 2 Малды тасымалдауға арналған көлік құралдарын сатып алу 30% 3 Етті тасымалдауға арналған көлік құралдарын сатып алу 30% 4 Жұмыс істеп тұрған ет өңдеу кәсіпорындарын тәулігіне 5 тонна етті қайта өңдеуге кеңейту 30% 5 Ет өңдейтін кәсіпорындар (ет комбинаттарын) салу 30% 13-бөлім. Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және сақтау бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту 1 Жеміс-көкөніс өнімдерін консервілейтін кәсіпорындар салу 30% 2 Жеміс-көкөніс өнімдерін консервілейтін кәсіпорындарды кеңейту 30% 14-бөлім. Қант өндіру 1 Қант өндіретін қолданыстағы кәсіпорындарды кеңейту 30% 15-бөлім. Май-тоң май өнімдерін өндіру 1 Май-тоң май өнімдерін өндіретін қолданыстағы кәсіпорындарды кеңейту 30% 16-бөлім. Дәнді және майлы дақылдарды тереңдете қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту 1 Жүгері өңдейтін кәсіпорындарды кеңейту 30% 2 Жарма өндіретін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту 30% 3 Макарон өнімдерін өндіретін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту 30% 17-бөлім. Кондитерлік өнімдер өндіру 1 Кондитер өнімдерін өндіретін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту 30% 18- бөлім. Бекіре және албырт балықтар түрлерін көбейту бойынша индустриялық балық өсіру кәсіпорындарын салу (Тауарлы балық өсіру) 1 Тұйықталған сумен жабдықтау қондырғыларын қолдана отырып, өндірімділігі жылына 50 тонна балық және 3,2 тонна азықтық уылдырық беретін бекіре балықтарын өсіретін индустриялық балық шаруашылығы кәсіпорындарын салу 20% 2 Шарбақтық шаруашылықтар жағдайында 2000 тонна бекіре, албырт балықтарын өсіру бойынша индустриялық балық шаруашылығы кәсіпорындарын салу 20%

Вернуться к списку
;