8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-на мамыр айының соңына жағдайында 1 410 бірлік техникаға, 12,7 млрд.теңге сомасына өтінімдер келіп түсті.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-на мамыр айының соңына жағдайында 1 410 бірлік техникаға, 12,7 млрд.теңге сомасына өтінімдер келіп түсті. 27.05.2014 2014 жылғы егін егу науқаны республиканың оңтүстік өңірлерінен солтүстік аймақтарға жетті. Осы жылдың көктемгі-егіс жұмыстарын қолдауға «ҚазАгро» Ұлттық холдингі барлық қаржыландыру көздерінен жалпы 61,2 млрд.теңге бағыттауды көздеп отыр, оның 40 млрд.теңгесі – бюджеттік несие. Сарапшылардың бағалауы бойынша холдингтен егін науқанына бөлінген қаражат 6,2 млн.га жерде агротехникалық шараларды өткізуге мүмкіндік береді. 2014 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарына бөлінген 40 млрд.теңге көлеміндегі бюджеттік несиені игеру бойынша жағдай: Екінші деңгейлі Банктерге 20 млрд.теңге бөлінген. Бүгінгі күні 19 664,1 млн. теңге меңгерілді (98,3%); «Азық-түлік келісім шарт корпрорациясы» АҚ - 14 млрд. теңге, бүгінгі күні 10 845 млн. Теңге меңгерілді, бұл 77,5%-ды құрайды; «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - 5,5 млрд. теңге, бүгінгі күні 100% меңгерілді; «Ауыл шаруашылығын қаржылай қоры» АҚ 500 млн. теңге, бүгінгі күні 100% меңгерілді; «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на мамыр айының соңына жағдайында 1 410 бірлік техникаға, 12,7 млрд.теңге сомасына өтінімдер келіп түсті. Қазіргі уақытта қаржылық лизинг келісім шарттары 9,1 млрд.теңге сомасына 939 бірлік техникаға жасалды. 1,4 млрд.теңгені құрайтын 196 бірлік техникаға келіп түскен өтінімдер мақұлданды. Сонымен қатар, компания құрылымының қарастыруында 1,8 млрд.теңгеге 208 бірлік техникаға өтінімдер бар. Егін науқанын қаржыландыруды «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің құрамындағы үш даму институттары жүргізеді - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ. Бұдан бөлек АӨК субъектілерінің несие көздеріне қолжетімділігін арттыру үшін «ҚазАгро» Ұлттық холдингі республиканың агросаласындағы шаруашылықтарды қаржыландыруға бірқатар екінші деңгейлі банктерді қаржыландырды. Бұл мақсаттарға холдинг бюджеттік несиеден 20 млрд.теңге бөлді. Қаржылық ресурстардан бөлек «ҚазАгро» ауылдықтардың машина-трактор паркін жаңалау сұрақтарын шешуде. Аграршыларға қажетті ауыл шаруашылық техникасына қол жеткізуді «ҚазАгроҚаржы» АҚ лизинг пен несиелендіру құралдары бойынша жүзеге асыруда. «Ақмола-Феникс» АҚ Ақмола облысы Целинград ауданы Ақмол ауылында /бұрынғы Малиновка/ орналасқан. «Ақмола-Феникс» АҚ – құс фабрикасын, диірмен кешенін, шұжық, тігу цехтерін қамтитын көп салалы компания. Егіс алқабы 36 мың га жерді құрайды. Несие Серіктестігінің құрылтайшысы болып табылады. Әр жылдары «ҚазАгроҚаржы» арқылы 8 егін кешендерін алған. 2014 жылы ҚазАгроҚаржы арқылы «Джон Дир» жаңа 2 егін егу кешендерін иеленген. Осы жылы бидайға 16 мың га жер, арпа – 8 мың га, бұршақ тұқымдастарға – 5 мың га жер қарастырылған. Өндірістегі бидайдың жартысы диірменге, жартысы құс фабрикасындағы жем цехыне жіберіледі. Жыл сайын шаруашылық жем-шөп өндірісін жаңа технологиялар мен жаңа ауыл шаруашылық техникаларын қолдана отырып арттырады. Бараев атындағы ғылым орталығы мен агротехникалық университетпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Өз жер алқабтарын әртараптандыруға кірісті. Жақын арада жаңа жем-шөп зауытының құрылысы жоспарлануда.

Вернуться к списку
;