8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

ҚазАгроҚаржы егіс науқанына қарай техника жеткізілімін ұлғайта түсуде

ҚазАгроҚаржы егіс науқанына қарай техника жеткізілімін ұлғайта түсуде 29.04.2014 2014 жылдың көктемгі-егіс жұмыстары шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға тапсырылған өтінімдердің саны арта түсуде. Егер 2013 жылдың көктемгі-егіс жұмыстары кезеңінде лизингке барлығы 12, 3 млрд. теңгеге 1 234 бірлік техника лизингке табысталған болса, ағымдағы жылдың сәуір айының соңына қарай «ҚазАгроҚаржы» АҚ компаниясына егіс жұмыстарына сомасы 13, 5 млрд теңгеге 1 576 бірлік техника сатып алуға өтінім тапсырылып та қойған – бұл өткен жылдың көрсеткішінен 27 % жоғары. Техникаға деген сұраныс еліміздің кейбір аймақтарында егіс жұмыстарының әзірше басталмағанына қарамастан, ұлғая түсуде. Сарапшылар техника сатып алуға берілген өтінімдердің көбеюін егіс алқаптарының ұлғаюымен, Қазақстандағы машина-трактор паркін жаңарту қажеттілігімен және шаруагерлерге «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы табысталатын техниканың жалпы қол жетімділігімен байланыстырады. Бүгінгі таңда Қоғам 6, 8 млрд. теңгеге 687 бірлік техникаға қаржы лизингі шартын жасасып та қойған (салыстыру үшін, 2013 жылы – 5,2 млрд. теңгеге 562 бірлік). 272 бірлік техниканы қаржыландыруға тапсырылған өтінімдер мақұлданды, шаруагерлерден келіп түскен қалған өтінімдер қаралу үстінде және таяу арада техникалар өз иелерін табатын болады. Сөз орайында, егіс науқанына техника сатып алуға арналған қаржы лизингі шарттарының көпшілігі Алматы, Шығыс-Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан және Батыс-Қазақстан облыстарының шаруагерлерімен жасалған. Көпшілікке «әйгілі» тракторлар мен тұқым сепкіштерден басқа, тырма, кун, соқа, пішен тайлаушы, қопсытқыш, дестелегіш сияқты техника түрлері де бар. Айта кеткен жөн, көктемгі-егіс жұмыстары шеңберінде диқаншылардың сатып алатын техникаларының басым көпшілігі – қазақстандық өндірістікі, атап айтқанда, Семейдегі «СемАз» автоқұрастыру зауытында жасалған ең әйгілі үлгілердің бірі - «Белорус» тракторлары. Өз кезегінде, техникаға қажетті аспалы жабдықтар АҚШ-тан ғана емес, Ресейден, Беларуссиядан, Украинадан, Канададан, Германиядан да сатылып алынады. Ауыл шаруашылығының тауар өндірушілерін қолдау мақсатында, 2013 жылдан бері «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға арналған аванстық төлемді 25%-дан 15%-ға төмендеткенін айта кету қажет. 2014 жылдың көктемгі-егіс жұмыстарына дайындалу шеңберінде кепілзатпен қамтамасыз етумен аванстық төлем де лизинг заты құнының 15 % құрайды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – 1999 жылы ҚР Қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау.

Вернуться к списку
;