8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгро» Ұлттық холдингі егіс науқанын қолдауға банктерді қаржыландырады

«ҚазАгро» Ұлттық холдингі егіс науқанын қолдауға  банктерді қаржыландырады                                                                                           22.04.2014 «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ бюджеттік несиені беруді анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, Қазақстан Республикасы экономикасын жаңғырту бойынша Мемлекеттік комиссияның шешімі шеңберінде, АӨК субъектілерін қаржыландыруда қолжетімділікті кеңейту мақсатындағы «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасы аясында «ҚазАгро» Холдингі» АҚ 2014 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге АӨК субъектілерін қаржыландыру үшін келіп түскен өтінімдерге сәйкес 7 екінші деңгейлі банктерді қорландырады. Бұл мақстаттарға Холдингте 20 млрд.теңге қарастырылған. Бюджеттік қаражаттың шектеулі болуына байланысты, теңжетімділік мақсатында, ЕДБ қорландыру өтінімде берілген сомаға және бюджеттік несие сомасына пропорциалды жүзеге асырылатын болады. Жалпы, ҚазАгро» Ұлттық холдингі ағымдағы жылдың көктемгі-егіс жұмыстарына 61,6 млрд.теңге бағыттауды жоспарлап отыр, оның 40 млрд. теңгесі бюджеттік несие. Сарапшылардың бағалауы бойынша холдинг тарапынан бөлінген қаражат есебінен 6,1 млн.га жерге қажетті агротехникалық жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік болады. Бүгінгі күні егіс науқанын қаржыландыруға «ҚазАгро» Ұлттық холдингі компаниялар тобымен 34,6 млрд.теңге сомасына шаруашылықтар мен агроқұрылымдардың өтінімдері мақұлданды, соның ішінде 12,6 млрд.теңге сомасына келген өтінімдер қаржыландырылды.

Вернуться к списку
;