8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Атырау облысының фермерлері Семейдің автоқұрастыру кәсіпорнында жасалып шығарылған Беларус» маркасының 6 тракторын лизингке алды

Атырау облысының фермерлері Семейдің автоқұрастыру кәсіпорнында жасалып шығарылған Беларус» маркасының 6 тракторын лизингке алды 16.04.2014 Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына техника сатып алуға тапсырылатын өтінімдердің басым көпшілігі көктемгі-егіс жұмыстарына дайындалу жұмыстарымен айналысатын шаруалардан келіп түсетініне қарамастан, Атырау облысының фермерлері өздерінің мал шаруашылығы саласындағы кәсіпорындарын техникалық жарақтандыру үшін отандық құрастыру өндірісінің техникаларын сатып алғанды жөн көрді. Облыс шаруагерлерінің пікірі бойынша, ел ішінде жасалған тракторларды сатып алу – бұл пайдалы ғана емес (өйткені аталмыш техникаға ҚҚС және баж салығы салынбайды), сонымен қатар мерзімі жағынан да қолайлы, өйткені техника Семейден Атырауға дейін небары бірнеше күн ішінде жеткізілуі мүмкін. Сөз реті келіп тұрғанда айта кету керек, 2014 жылдың басынан Атырау облысындағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалы ауыл шаруашылығы және арнаулы техникалардың лизингі бойынша жалпы сомасы 72 млн. артық теңгеге шарт жасасты. Жалпы, 2014 жылдың көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық барысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ «СемАЗ» ЖШС жасап шығарған отандық өндірістің 400 артық «Беларус» тракторын сатып алуды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жалпы сомасы 773, 4 млн. теңгеден артық сомаға 191 «Беларус» тракторын лизингке табыстауға шарт жасалып та қойған. Көктемгі-егіс жұмыстарына дайындалу шеңберінде барлығы 1, 5 млрд. теңгеге «СемАЗ» зауытында жасалған техникалардың лизингке табысталуы жоспарланып отыр. Көктемгі-егіс жұмыстарына дайындалу шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына жалпы сомасы 13,2 млрд. теңгеге барлығы 1 442 бірлік техника сатып алуға өтінім келіп түсті. Бүгінгі таңда 5,5 млрд. теңгеге 637 бірлік егіс техникаларына қаржы лизингі шарттары шаруагерлермен ендігі жасалып та қойған, тағы да 886 бірлік техникаға тапсырылған өтінімдер компанияның несие комитетінің қарауында тұр, таяу арада еліміздің егіс алқаптарында старт беретін болады.

Вернуться к списку
;