8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Егіс науқанына қарай фермерлерден «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на 1365 бірлік техникаға өтінім келіп түсті.

Егіс науқанына қарай фермерлерден «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на 1365 бірлік техникаға өтінім келіп түсті. 09.04.2014 Көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» компаниясына жалпы сомасы 13 млрд. теңгеге 1365 бірлік техника сатып алуға өтінім келіп түсті. Бүгінгі таңда шаруагерлермен жалпы құны 3 664 млн. теңгеге 479 бірлік егіс техникасын сатып алуға қаржы лизингі шарттары ендігі жасалып та қойған, ал енді тағы да 886 бірлік техникаға тапсырылған өтінімдер компанияның несие комитетінде қаралу үстінде, таяу арада еліміздің егіс алқаптарында старт бермек. Көпшілікке әйгілі техникалардың арасында, тракторлар мен тұқым сепкіштерден басқа, тырма, кун, соқа, пішен тайлаушы, қопсытқыш, дестелегіш және т.б. сияқты техника түрлері де бар. Көктемгі-егіс жұмыстары шеңберінде диқаншылардың сатып алатын техникаларының көпшілігі қазақстандық өндірістің жасап шығарған техникалары, атап айтқанда, ең әйгілі үлгілерінің бірі – Семейдегі «СемАз» автоқұрастыру зауытында құрастырылған «Белорус» тракторы екенін айтып кеткен жөн. Өз алдына, техникаға арналған аспалы жабдықтар тек АҚШтан ғана емес, сонымен қатар Ресейден, Белоруссиядан, Украинадан, Канададан, Германиядан да сатылып алынады. Сөздің реті келіп тұрғанда айта кету керек, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында, 2013 жылдан бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған алғы төлемді 25%-дан 15%-ға төмендетті. 2014 жылдың көктемгі-егіс жұмыстарына дайындалу шеңберінде кепілзатпен қамтамасыз етумен бірге алғы төлем де лизинг заты құнының 15 % құрайды.

Вернуться к списку
;