8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгроҚаржы» АҚ 2014 жылғы егін егу жұмыстарына техника алуға 10,5 млрд.теңге бағыттайды

 «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2014 жылғы егін егу жұмыстарына техника алуға 10,5 млрд.теңге бағыттайды 17.03.2014 «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2014 жылғы егін егу жұмыстарына техника алуға 10,5 млрд.теңге бағыттайды. Сонымен бірге 2014 жылы барлық техниканы қаржыландыру бойынша жалпы жоспардағы қаржы 31 млрд.теңгені құрайды. Бүгінгі күні 2014 жылғы көктемгі-дала жұмыстарын жүргізуге техниканы иеленуге 8 млрд.теңгеден астам қаржыға өтінімдер келіп түсті. Жалпы, 2014 жылғы көктемгі-дала жұмыстарын жүргізу аясында, келіп түскен сұранысты ескере отырып, «ҚазАгроҚаржы» 1000 бірліктен астам түрлі техника мен оған қажет жер өңдейтін құралды иеленуді жоспарлауда. Сәйкес мәмілелер қазақстандық ауыл шаруашылық өндірушілер мен жабдықтаушылармен, сондай-ақ таяу және алыстағы шетел серіктестерімен жасалды. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында 2013 жылы ауыл шаруашылық техниканы иеленуге аванстық төлем 25 %-дан 15%-ға дейін төмендегенін атап өткен жөн. 2014 жылғы көктемгі-дала жұмыстарына дайындық барысында қамсыздандыруды ұсынумен аванстық төлем лизинг затының құнынан сондай-ақ 15%-ды құрайды. Еске салайық, осы аптада егін егу жұмыстарына қаражат бөлінгені және ауыл шаруашылық субъектілерін қаржыландыру шарттары туралы «ҚазАгро» Ұлттық холдингі құрамындағы басқа да компаниялар мәлімдеді. Мысалы, Ауыл шаруашылығын қолдау қоры көктемгі-дала жұмыстарына 1,6 млрд.теңге бағыттады. Несиенің сомасы - 6 млн. теңгеге дейін, жылдық сыйақы үстемесі - 9,5%, тиімді сыйақы үстемесі – 10,2% дейін. Несиені қайтару екі астықты сатудан кейін қарастырылған, бұл ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін өте маңызды жеңілдік. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ егін егу науқанына 2014 жылы мерзімі 2014 жылдың 1 желтоқсанына дейін, екінші деңгейлі банктердің кепілдігімен жылдық 5% ставкамен береді, сонымен қатар несие серіктестері арқылы жылжитын/жылжымайтын мүлік кепілдігімен 9% жылдық ставкамен несиелер беріледі. Сонымен қатар, 2013 жылы ғана «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 41 527 млн.теңге сомасына 3 537 бірлік техниканы сатып алу қаржыландырылды, соның ішінде 1250 трактор, 727 комбайн, сонымен қатар тұқымсепкіштер, егін егі кешендері, қайта өңдеу жабдықтары және басқа ауыл шаруашылық техника. Барлығы, 2000 жылдан 2013 жылға дейін ҚазАгроҚаржымен 217,7 млрд.теңге сомасына 25 000 бірліктен астам техника сатып алу қаржыландырылды.

Вернуться к списку
;