8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Теңгенің девальвациясы шартында қарызгерлерге адалдық саясаты

Теңгенің девальвациясы шартында қарызгерлерге адалдық саясаты                                                                                                       17.02.2014 «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» долларға шаққандағы ұлттық валюта бағамының өзгеруі шартында өз клиенттеріне аталған жағдайдың салдарын жұмсарту үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайды. Бірінші. «ҚазАгро» Холдингінің компаниялар тобымен АӨК субъектілеріне берілген неиселердің негізгі бөлігі индекстелмейді. Қарызгерлердің негізгі бөлігі үшін несиелендіру шарты бұрынғы қалпында қалады, міндеттемелер арттырылмай, бұрын бекітілген кесте бойынша қайтарылады. Екінші. «ҚазАгро» Холдингінің несиелік портфелі 343,3 млрд.теңгені құрайды, соның 26,7 млрд.теңгесі немесе 8 пайызы валютаға байланған, себебі қаржыландыру көзі сыртқы нарықтан алынған немесе шетел қаржы институттары қаржылық тізіміне байланысты. Аталған бағдарламалар бойынша қаржыландырылған қарызгерлер үшін холдинг келесі бәсеңдету шараларын қабылдайды: - Ислам даму банкінен тартылған, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жүзеге асырылатын «Сәтті» бағдарламасы бойынша – микронесиелеу шарттары өзгермейді, қаржылай қолдау Қоры барлық валюталық тәуекелдерді өз мойнына алады. Бүгінгі күні «Сәтті» бағдарламасы бойынша 1 417,2 млн.теңге сомасына 492 жоба қаржыландырылған. - Аграрлық несиелік корпорациясы Дрезнер банкінен тартылған қаржы есебінен несиелендірілген қарызгерлер бойынша компания қарыз фиксациясын теңгеде қарастыру мүмкіндігін қарауға дайын, ҚР ҰБ-нің 2014 жылдың 11 ақпаны күнгі ресми валюта бағамы бойынша, яғни АҚШ долларына 155,56 теңге. - «ҚазАгроҚаржы» компаниясынан лизинг пен несиелендіру бағдарламалары бойынша негізгі қаржыны алған қарызгерлерге, оларды «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында қаржылық сауықтыру бағдарламасында бірінші кезекте кіргізу ұсынылады.

Вернуться к списку
;