8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Қазақстандық аграршылардың Мәскеулік презентациясы

Қазақстандық аграршылардың Мәскеулік презентациясы                                          15.01.2014 «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі Мәскеуде болатын бизнес-форумға 90-ға жуық қазақстандық шаруашылықтар мен агроқұрылымдар өкілдерін тартуды көздеп отыр, онда Қазақстан агробизнесінің экспорттық әлеуеті ұсынылады. «Қазақстан Аймақтары – Мәскеу: ынтымақтастықты қарқындату» бизнес-форумы 2014 жылдың 23-24 қаңтары күндері Ресей Федерациясының астанасында өтеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін отандық өндірушілер мен қайта өндірушілер үшін үлкен маңыздылығы бар іс-шара «ҚазАгро» Ұлттық Холдингінің Мәскеу Үкіметімен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігімен, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілеттілігімен бірлесе ұйымдастырылды. «ҚазАгро» холдингі басшысы Дулат Айтжановтың айтуынша бизнес-миссияның басты мақсаты – Мәскеу нарығына қазақстандық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін тікелей жеткізуді ұйымдастыру сұрақтарын ресейлік серіктестермен бірлесіп шешу. Екі күндік мәскеулік форум аясында қазақстандық өндірушілер өнімдері және республиканың АӨК саласының экспорттық мүмкіндіктері ұсынылды. Өз кезегінде Мәскеу қ. Сауда және қызметтер Департаменті ресейлік бас мегаполистің нарығы жағдайы, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін сату және сақтау мүмкіндіктері туралы айтуды көздеп отыр. Іскерлік кездесу форматы үш бағытта сессиялар өткізуді жоспарлайды. Оның біріншісі – астық, ұн, күріш жеткізуде ынтымақтастық. Екінші – ет және ет өнімдерін жеткізу, Үшінші – ауыл шаруашылығы және көкөніс өнімдерін сату саласында байланыстар. Форум барысында «ҚазАгро» Ұлттық холдингі Басқарма төрағасы Дулат Айтжанов пен Мәскеу қалабасы Сергей Собянинмен кездесуі жоспарлануда. Сонымен қатар, іс-шара нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Мәскеу қ. сауда және қызметтер Департаменті арасында өзара көмек пен ынтымақстастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтеді. Бизнес-форум бағдарламасы потенциалды мәскеулік серіктестердің сауда алаңдарына және өндіріс базаларына баруды қамтиды. Қазақстандық кәсіпкерлер аймақтағы ұн комбинаттары, элеваторлары және астық сақтау қоймалары жұмыстарымен танысып, жергілікті ет және ет өнімдерін тоңазыту қоймалары мен ауыл шаруашылығы көтерме базарларына барады. Еске салайық, өткен жылдың желтоқсан айында Астана қаласында «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі мен Мәскеу Үкіметі өкілдері арасында кездесу өткен болатын, аталған кездесуде мәскеулік тарап Мәскеу нарығына қазақстандық ауыл шаруашылық және азық-түлік өнімдерін тікелей жеткізуді ұйымдастыруға қызығушылық танытқан болатын. «Біз шынында да қолжетімді бағалардың болуын көздейміз. Қазіргі уақыттағы логистика сіздерді де, бізді де қанағаттандырмайды. Мәскеуліктердің тұтынуына келген тауардың соңғы бағасы тек 30-40 пайызды құраса - бұл өнімнің өз бағасы, ал 60-70 пайызы делдалдардың қосқан бағасы, мұндай жағдай бізге мүлдем қажет емес. Мәскеу тұрғындары Қазақстаннан әкелінген, бәсекеге қабілетті бағамен ет және жемістерді күтуде» - деп Мәскеу қ.сауда және қызметтер Департаменті директоры Алексей Немерюк өткен кездесуде атап өтті. Сонымен қатар, Мәскеу Үкіметінің өкілі ресейлік жақ агрокластердің құрылу сұрақтарын қарастырып жатқанын да талқыға салды. А.Немерюктің сөзіне сәйкес Мәскеу тұрғындары жылына 12 млн.тонна азық-түлік тұтынады.

Вернуться к списку
;