8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Еліміздегі ең ірі жылыжай кешенінің құрылысы аяқталды

Еліміздегі ең ірі жылыжай кешенінің құрылысы аяқталды 27.12.2013 Топар жылыжайлары – еліміздегі ең кеудемсоқ жылыжай жобаларының бірі екені сөзсіз. Ауқымы жағынынан ең ірі алаңы 24 гектар жерде голланд технологиясы бойынша тұрғызылған жылыжай кешені 357 га аумақты алып жатқан тұтас бір агроқалашық болып табылады (Қарағанды облысы, Топар с.). Ағымдағы жылдың басында-ақ кешеннің томат, қияр, тәтті бұрыш, лимон, саңырауқұлақ пен көк өністер өсірілетін алаңы 16 га қолданыстағы дәстүрлі жылыжайлары ендігі болған да. Алайда шаруашылық басшылығы кешеннің шекарасын ұлғайтып, жұмысына жаңартпа енгізгісі келді. 2013 жылдың жазында «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның қаржылай қолдауының арқасында жылыжай кешенінің аумағында голланд жүйесі бойынша алаңы 8 га жерге шағын көлемді субстрат технологиясы мен тамшылатып суару жүйесін қолданатын Қазақстанда ең ірі жылыжайдың ауқымды құрылысы басталған. Жалпы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жоба 4.2 млрд. теңгеге қаржыландырылды, соның ішінде жылыжай кешенінің жабдығы сатылып алынды, сонымен қатар құрылыстық-монтаж жұмыстарын қаржыландыру жүзеге асырылды. 2014 жылдың 4 қаңтарында жаңа жылыжайда субстратқа қиярдың көшеттерін отырғызбақшы. Жылыжайдың жұмыскерлері алғашқы өнімнің дәмін 8 наурыздың өзінде-ақ татуға болады деп сендіріп отыр. . 2015 жылға қарай жоба жылына 8500 тоннаға дейін жеміс-көкөніс өнімдерін береді деп жоспарланып отыр. Жалпы алғанда, елімізде «Жылыжай кешендерінің желісін құру» инвестициялық бағыты шеңберінде жылына 22 мың тонна көкөніс өсіретін құны 9 млрд. теңгеге жалпы алаңы 31,4 га 10 жылыжай кешені іске қосылды. Сөз реті келіп тұрғанда айта кету керек, қазір «ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниялар тобының қоржынында жалпы құны 237,5 млрд. теңгеге 346 инвестициялық жоба бар, құрылатын жұмыс орындарының саны – пайдалану кезеңіне - 12,4 мың. Жалпы құны 177,8 млрд. теңгеге 280 жоба іске қосылған.

Вернуться к списку
;