8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Алматы облысының Райымбек ауданындағы Қарқара ауылында аудандағы ең ірі «Кеген-агро» асыл тұқымды репродуктор шаруашылығының тұсаукесері өтті.

Алматы облысының Райымбек ауданындағы Қарқара ауылында аудандағы ең ірі «Кеген-агро» асыл тұқымды репродуктор шаруашылығының тұсаукесері өтті. 27.12.2013 2011 жылы «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» ұлттық бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Кеген-агро» ЖШС шаруашылығы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке Герефорд тұқымының 376 бас ІҚМ сатып алған болатын. Өткен кезеңде шаруашылықта бұрын әкелінген малдан ендігі екі ұрпақ алынған. Бүгінгі таңда шетелдік малдан туған төлдің саны Канададан әкелінген сиырлардың санынан ендігі асып түсіп, 400 асыл тұқымды төлдің басын құрайды, олар қазір Қазақстанның ішіндегі өзге шаруашылықтарға ойдағыдай сатылуда. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы іске асырылған репродуктор фермасы жобасының жалпы құны 370 млн. теңгеге жуық. Асыл тұқымды мал лизингін қаржыландыру талаптары – 9 жыл мерзімге жылдық 4 %-бен. Асыл тұқымды шетелдік ІҚМ басқа, шаруашылық бүгінгі таңда қазақтың асыл тұқымды жылқыларымен, қазақтың қазақы қылшық жүнді тұқым қойларымен және қазақтың ақ бас тұқым ірі қара малдарымен мақтана алады. Назарларыңызға, тек қана осы 2013 жылдың өзінде елімізге «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы ет және сүт бағытындағы 10 000 бас асыл тұқымды мал әкелінген. «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен елімізге шетел селекциясының 27 000 бас ІҚМ әкелінген. Жалпы, 2011-2013 жылдар аралығында республика аумағына 38 мыңнан астам асыл тұқымды мал әкелініп, оның 30,4 мыңы «ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниялар тобының несие ресурстары есебінен импортталды.

Вернуться к списку
;