8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Ақтөбе облысыныда Қазақстандағы ең ірі репродуктор фермасы пайдалануға берілді.

Ақтөбе облысыныда Қазақстандағы ең ірі репродуктор фермасы пайдалануға берілді. 18.12.2013 Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа ауылында еліміздегі ең ірі мал шаруашылығы кешені – жобалық қуаттылығы – 6 500 асыл тұқымды мал басын құрайтын, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы қаржыландырылған репродуктор фермасы пайдалануға берілді. «Молочные истории» ЖШС – ауқымдылығы жағынан бірегей жоба, бұл тек асыл тұқымды мал басының үлкен санына ғана емес, сондай ақ бордақылау алаңдарындағы малды бағу жағдайлары мен жабдықтау, еркін жайылым және инфрақұрылым жағдайларының бірегей болуына байланысты. Бүгінгі күні шаруашылық кешеніне «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі құрамындағы еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыруы арқылы 2 500 бас асыл тұқымды Ангус шетел малы әкелінді. Сонымен қатар, 1,5 млрд.теңге сомасына мал шаруашылығы кешені салынды, аталған кешенде мал бағуға арнайы қора, мал босандыру бөлімі, әкімшілік-шаруашылық корпусы, мал бағушы отбасылар тұратын абаттандырылған үйлер салынып, жеке су тартқыш және электр жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Шаруашылықтың жайылыммен алғанда жалпы ауданы – 34 мың га.құрайды. Мәлімет, 2013 жылы ғана «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы елімізге 9 600 бас ет және сүт бағытындағы мал жеткізілді. Жалпы «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен 27 000 бас шетел селекциялы ірі қара мал әкелінді. Жалпы алғанда, 2011-2013 ж.ж.аралығында республика территориясына 38 мың бас асыл тұқымды мал әкелінді, оның 30,4 мың басы «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі компаниялар тобының несиелік ресурстары арқылы импортталды. Ескеру үшін, «ҚазАгроҚаржы» АҚ 1999 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес құрылған. Компанияның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ, лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларына және технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. Қоғам «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына енеді.

Вернуться к списку
;