8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Қазақстандық күркетауық етінің Мәскеуге экспортталуы

Қазақстандық күркетауық етінің Мәскеуге экспортталуы                                        26.11.2013 Бүгін Ресейдің мәскеулік нарығына Қазақстаннан кезекті мал шаруашылығы өнімдері жөнелтілді. Күркетауық өсіру, сою және етін өңдеумен айналысатын «Ордабасы Құс» ЖШС құс фабрикасы Мәскеулік сауда компаниялардың бірімен жасаған келісім аясында көршілес Ресейге 74 тонна мөлшерінде өз өнімін экспорттады. Жалпы алғанда, «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі арқылы қаржыландырылған күркетауық құс фабрикасы көрші елге 3 500 тонна күркетауық етін экспорттаған болатын. 4 820 тонна таза ет өнімін беретін «Ордабасы Құс» ЖШС замануи құс фабрикасы 2011 жылдан бастап өндіру жұмысын ретке келтірген. Бұл кешен ОҚО Ордабасы ауданы Бадам ауылында орналасқан және республиканың агроөнеркәсіп кешеніндегі өндірістік негізде күркетауық етінің өндірісі бойынша алғашқы жоба болып табылады. Маңызды нысан «ҚазАгро» ұлттық холдингінің құрылымындағы еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша қаржыландырылып іске қосылған. Жобаның жалпы құны қуаттылығын арттыруды қоса есептегенде 5,5 млрд.теңгені құрайды. «ҚазАгроҚаржы» қолдауы арқасында құс фабрикасы бүгін өндірісті кеңейтуді көздеп отыр – қолданыстағы 15 құс қораларына тағы 10 нысан салынбақшы, құс сою цехының өнімділігі жылына 10 тоннадан 20 тоннаға дейін өсіріледі, сонымен қатар күніне 5 тоннаға дейін етті терең қайта өндіру зауыты пайдалануға беріледі. Аталған барлық шаралар ағымдағы жылдың соңына дейін жүзеге асырылады. Бүгінгі күні құс кешенінде диеталық ет өнімдерінен бастап, қайта өңделген өнімдерге дейін өнімнің 55 түрі бар. Дегенмен, өндірісте өнім түрлерін 100 атауға дейін өсіруді жоспарлап отыр. Құс фабрикасының ерекше мақтанышы – өзіндік ерекше дайындау әдісі бар күркетауық қазысы. Кәсіпорынды іске қосу арқылы 327 жұмыс орны құрылды, 10 жаңа құс қорасын іске қосу арқылы тағы 87 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Өндірілген еттің шамамен 30 пайызы Ресейге экспортталады. Қазақстанда күркетауық еті «Дәмді ет» сауда маркасымен ОҚО, ШҚО, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында сатылады. Өндірісті кеңейту арқылы компания елдің батыс аймақтарына өнім жеткізуді, сондай-ақ орта азия мен еуропа нарықтарын игеруді жоспарлауда. Құс фабрикасы өнімдері сертификатталған және HACCP мен ISO халықаралық стандарттарына сәйкес. Бұдан бөлек, ОҚО құс фабрикасы бірқатар халықаралық байқаулар жеңімпазы, соның соңғылары – «Орталық Азияның үздік экспортері -2013» USAID байқауының бірінші орын жеңімпазы және ресейлік «Ұлттық күркетауық – 2013» байқауының «Үздік сапа жүйесі бар кәсіпорын» номинациясы бойынша бас жүлде иегері. Қазақстанда кәсіпорын «Алтын Сапа – 2013» бас жүлдесіне ұмтылуда. «Ордабасы Құс» ЖШС құс фабрикасы мал шаруашылығы өнімдерін экспортын ретке келтірген жалғыз кәсіпорын емес. Бүгін «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі арқылы қаржыландырылған көрші Ресейге өнімдерді экспорттаушы ірі жобалардың ішінде – Батыс Қазақстан облысындағы «Crown Батыс» ЖШС бордақылау алаңы. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы қаржыландырылған бұл кәсіпорын қолданыстағы келісімдерге сәйкес Мәскеу мен Самараға премиум-класс санатындағы ірі қара мал етін экспорттауда. Сондай ақ, ағымдағы жылдың қараша айында өз өнімімен Мәскеу нарығына «Астана Агро Өнім» ЖШС-і шықты, аталған нысанның құрылысы кезінде «ҚазАгро» холдингі құрамындағы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы қаржыландырылған болатын. «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингі инвестициялық портфелінде еліміздің агросаласында жүзеге асырылатын 320 жоба бар. Олардың жалпы құны 228 млрд.теңгені құрайды. Бүгінгі күні 160 млрд.теңгені құрайтын 243 жоба пайдалануға берілді. 2013 жылы 68 инвестициялық жобаның іске асуы жоспарланған. «ҚазАгро» мамандарының айтуынша жобаларды іске асыру құс еті импортын 52,3 пайызға, сүт импортын 18 пайызға төмендетуге, маусым арасында көкөніс дефицитін 53 пайызға және көкөніс өнімдерін сақтау дефицитін 39 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді. Мал шаруашлығы мен экспорттық әлеуетін дамыту аясында «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі асыл тұқымды репродукторларды құруға жоғары өнімді асыл тұқымды мал алып келуді қаржыландырып, ірі қара мал аналық басы мен өндіруші бұқаларды сатып алуды, сонымен қатар бордақылау алаңдарын құруды жүзеге асыруда. Бағдарламаны іске асыру барысында 56 репродуктор-қожалықтары, 4 бордақылау алаңдары, 12 жем-шөп жобалары салынып, пайдалануға берілді. Жалпы, «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі еліміздің агросаласын қолдауға 1,2 трлн.теңге бағыттады. Холдингтің жиынтық несиелік портфелі 330 млрд.теңгеден асып түседі, бұл көрсеткіш ауыл шаруашылық кешенін қаржыландырудың 50 пайызын құрайды. Қарызгерлердің жалпы саны ауылды жерлердегі 23 мың кәсіпкерлерді құрайды. Холдинг бағдарламалары арқылы 15 мың адам жұмыспен қамтылып, соның ішінде 2 мың жаңа жұмыс орындары ашылды.

Вернуться к списку
;