8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

"Fitch Raitings" рейтингілік агенттігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ рейтингін «ВВ+»-дан (Болжам Тұрақты «ВВВ-»-ға дейін (Болжам Тұрақты) көтерді.

"Fitch Raitings" рейтингілік агенттігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ рейтингін «ВВ+»-дан (Болжам Тұрақты «ВВВ-»-ға дейін (Болжам Тұрақты) көтерді. 22.11.2013 КАФ рейтингісінің көтерілуі оның холдингтік компаниясы – ҚазАгроның тәуекелдіктер бағдарына (ВВВ/тұрақты) қарағанда, оның тәуекелдіктер бағдарының бағаламасын көрсетеді. Fitch пікірі бойынша, ҚазАгроның маңызды да негізгі еншілес компаниясы ретінде, оның мәртебесін ескеретін болсақ, КАФты қолдау мүмкіндігі жоғары. Компанияның рейтингтері де оның шамалы көлемін ескереді (құны 2013 жылдың бірінші жартыжылдығының соңындағы жағдай бойынша 1,1 млрд. АҚШ доллары тұратын активтер) және осы жерден, әлеуетті қолдаудың төмен құнын, мемлекеттің қаржыландыру беруін, жарғылық капиталға құюды және компанияның төмен борышқорлық жүктемесін ескереді. КАФқа қолдау, бәлкім, Қазақстанның мемлекеттік органдары тарапынан көрсетілетін болады (ҚазАгро арқылы), өйткені қажет болған жағдайда, ҚазАгрода өзінің еншілес компанияларының кез келгеніне қолдау жасау үшін жеткілікті қаражат болмай қалуы ықтимал. Құны 1 млрд. АҚШ доллары тұратын ҚазАгро холдингінің жақын арадағы еуробонд шығарылымына міндеттемелерді тоғыспалы орындамау туралы қағида енгізілген, ол холдингтің негізгі еншілес компанияларына сілтеме жасайды және ол компанияларды шоғырландырылған топтың не активтерінің, не табыстарының 10% жоғарысын құрайтын субъектілер ретінде анықтайды. КАФты қазіргі кезде 2013 жылдың бірінші жартыжылдығының аяғындағы жағдай бойынша, шоғырландырма активтердің 24% құрайтын негізгі еншілес компанияға жатқызуға болады, бұл, Fitch пікірі бойынша, компанияға қолдау көрсету үшін қосымша уәждеме болуы ықтимал. Мұнымен бірге, шетелдік валютадағы КАФтың ЭДР және шетелдік валютадағы Қазақстанның суверендік рейтингі арасындағы екі тармақтағы ағымдағы айырмашылық даму институты ретінде, КАФтың айтарлықтай емес маңызды саяси рөлін және Қазақстандағы басқа квазимемлекеттік институттарға қарағанда, елдің экономикасы мен қаржы жүйесі үшін мейлінше аз маңыздылығын (i), атап айтқанда, ҚДБ және Самұрық-Қазына (BBB+/тұрақты); және (ii) компанияның мемлекетке жанама жататындығын көрсетеді, бұл оқиғалардың кейбір даму сценарийінде көрсетілетін қолдаудың дер кездігіне әсер етуі мүмкін. КАФ активтерінің анағұрлым осалдау сапасы мен даму жоспары да оның борышкерлік жүктемесі біраз уақыт өткеннен кейін ағымдағы төмен деңгейге қарағанда, едәуір дәрежеде ұлғаюы мүмкін екендігін білдіреді. КАФтың ұсынған есептілігіне сәйкес, проблемалық қарыздар мен лизингтік мәмілелер 2013 жылдың үшінші тоқсанының аяғындағы жағдай бойынша, компания қоржынының бірқалыпты 12% құрады, алайда компанияның бір салаға топталғандығы және ұзақ несиелендіру мерзімдері (ықтимал залалдар тәуекелі) активтер сапасының төмендеу тәуекелі айтарлықтай болып табылатынын білдіреді. Меншікті капиталының активтерге қатынасы 2013 жылдың бірінші жартыжылдығының соңындағы жағдай бойынша 52% құрады, бұл компания 12% капитал табыстылығының көрсеткіші бойынша ковенант деңгейіне жетуден бұрын, оның қарыз/лизинг кітабының 58% тең резервтер құра алады дегенді білдіреді. Үкіметтің агенті бола тұра, КАФ пайда табу мақсатын көздемейді. Іштегі капиталының құрылуы шектелген, ең алдымен, активтердің құнсыздануынан болған шығындарға байланысты, есепте берілген елеулі маржамен (жарғылық капиталға айтарлықтай құюмен қолдаулы) және бірқалыпты операциялық шығындармен қуаттандырылған активтердің құнсыздануынан болған шығындарға дейінгі нәтижелердің әділдігіне қарамастан. КАФтың жарғылық емес капиталға қорландыруы көп дәрежеде квазимемлекеттік компаниялардан, әсіресе, ҚазАгродан келіп түсетін қарыз қаражаттар түрінде болып келеді (2013 жылдың үшінші тоқсанының соңындағы жағдай бойынша міндеттемелердің 77 млрд. теңге немесе 68%). Қаржыландыру беретін үшінші тарап міндеттемелердің 19 млрд. теңгесін немесе 17% береді және компания шетел банктарынан қорландыру деңгейін ұлғайтпақ ниеті бар (сауданы қаржыландыруды бірге қосқанда). Өтімді активтер 2013 жылдың үшінші тоқсанының соңындағы жағдай бойынша бухгалтерлік теңгерімде 8% құрайды, қарыздар бойынша алдағы таяу арадағы төлемақыларды есепке алғанда, бұл мақсатқа сәйкес келеді. РЕЙТИНГТЕРДІҢ ОСАЛДЫҒЫ - КАФ КАФтың рейтингтері суверенді рейтингпен және ҚазАгроның рейтингімен бірдей жылжып отыруы ықтимал. Егер активтерінің сапасы нашарлауының нәтижесінде немесе борышкерлік жүктемесінің ұлғаюының нәтижесінде, компанияның қаржы жағдайы айтарлықтай дәрежеде нашарласа, рейтингтер қолдау алу мүмкінсіздігінсіз, төмендетілуі мүмкін. Төменде келесідей рейтингілік іс-әрекеттер берілген: шетелдік және жергілікті валюталарда ұзақ мерзімді ЭДР 'BB+'-дан 'BBB-'-дейін көтеру; болжам тұрақты шетелдік валютада қысқа мерзімді ЭДР 'B'-дан 'F3'-ға дейін көтеру; Ұзақ мерзімді рейтингті ұлттық валютада 'AA-(kaz)'-дан 'AA (kaz)'-ға дейін көтеру; болжам тұрақты Эмитентті қолдау рейтингін '3'-тен '2'-ге дейін көтеру 'BB+'-дан 'BBB-'-ға дейінгі ұзақ мерзімді рейтингті қолдау деңгейін қайта қарау Эмитенттің қамтамасыз етілмеген берешегінің ұзақ мерзімді рейтингі 'BB+' кері қайтарылды (жергілікті облигациялар)

Вернуться к списку
;