8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Энергия үнемдеуге салынған инвестициялар: Ақтөбе облысында жел генераторы мен күн батареяларын іске қосу

Энергия үнемдеуге салынған инвестициялар: Ақтөбе облысында жел генераторы мен күн батареяларын іске қосу 18.11.2013 Ақтөбе облысында коммуникация желілерінен шалғай жатқан елді мекендегі ірі қой шаруашылығы жайылымын электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, жел және күн энергиясы арқылы электр қуатын өндіріп шығаратын кешеннің салтанатты іске қосылу рәсімі өтті. «ҚазАгроҚаржы» компаниясының энергия қуатын үнемдегіш технологияларды қаржыландыру бойынша жаңа бағыты 2013 жылы жұмысқа кірісті. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне белсенді түрде көмек көрсету үшін, сондай-ақ еліміздің табиғи ресурстарын сақтау мақсатында, Қоғам электр қуатын өндіріп шығаруға арналған отандық және шетелдік өндірістердің жел генераторларын, күн панельдерін және күн сораптарын қаржыландыруды бастады. Аталмыш инновацияға өзінің қызығушылығын бірінші болып білдірген Ақтөбе облысының фермерлері болды. Сөйтіп, оны өздерінің шаруашылықтары шеңберінде қолдануға бел байлады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы қаржыландырылған құны 5,5 млн. теңге тұратын алғашқы буданды жүйе (жел мен күн) Ақтөбе облысының Байғани ауданындағы (елді мекеннен 50 шақырым жерде) «Мереке и К» шаруашылығына орнатылды. «Жел және күн энергиясының» арқасында, электр желілерінен шалғай жатқан қой шаруашылығы жел мен күн энергиясының арқасында ғана сағатына 5 квт дейін электр қуатын алатын мүмкіндікке ие болып отыр. Бұл қуаттар су сорабының жұмысын қамтамасыз етуге, базды толығымен жарықтандыруға, теледидардың, тоңазытқыштың және ұсақ тұрмыстық электр құралдарының жұмысын қамтамасыз етуге жеткілікті болып отыр. Лизинг талаптары: Бюджеттен тыс көздер есебінен Мақсатқа арналуы: отандық және шетелдік өндірістердің жаңартылатын энергия көздерін пайдаланып, энергия қуатын өндіріп шығаратын қондырғылары, жел сораптары Сыйақы ставкасы: жылдық 8,0% Жылдық тиімді ставкасы: жылдық 7,9% бастап Лизинг мерзімі: 10 жылға дейін

Вернуться к списку
;