8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Новости

Орал қаласының маңында азық-түлік белдеуін нығайту. «ҚазАгроҚаржы» АҚ, Облыс әкімдігінің және БҚО ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің арасындағы мемор 11.11.2013 Батыс Қазақстан облысында өткен «WEST KAZ INVEST-2013» халықаралық бизнес-форумның шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ, Облыс әкімдігі мен «Moongrass» ЖШС, «Жайық құс» ЖШС және «Батыс Марка Ламб» ЖШС өкілдері өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Өкілдері меморандумға қол қойған барлық жобалар халықты сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ, олардың экспорттық әлеуеті бар. Атап айтқанда, «Moongrass» ЖШС Орал қаласының түбіндегі Круглоозерное поселкесінде гидропон әдісімен, яғни топырақсыз, шағын көлемді технология бойынша жабық алаңда қызанақ пен қияр өсіруге жоспарланған құны 4,33 млрд. теңге тұратын жылыжай кешенін ұйымдастырумен айналысады. «Жайық құс» ЖШС жобасы БҚО Зеленовский ауданында жылына 6350 тонна ет өндіруге арналған құны 3,1 млрд. теңге тұратын құс фабрикасын тұрғызуды тұспалдайды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдау жасаған тағы да бір бастама қайта өңдеу тереңдігі мен өнім сапасы бойынша дүние жүзілік стандарттарға сай келетін «Батыс Марка Ламб» етті қайта өңдеу кешенін іске қосуға қатысты. Ол қазақстандық нарықты қанықтыру үшін және Еуропа нарығына шығару үшін ваккумдық паллеттердегі экологиялық тұрғыда таза жаңа тоңазытылған қозы етін өндіруді көздейді. «Батыс Марка Ламб» ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Александр Якубиннің айтуынша, жобаның жалпы құны 2,3 млрд. тенге. – «ҚазАгроҚаржы» АҚ бірінші траншты бізге аударып та қойған. Бұл қаражатқа Орал қаласынан 120 шақырым жерде, Ақжайық ауданының аумағында орналасатын зауыт құрылысының нөлдік циклі іске асырыла бастады, сонымен қатар Италиядан жабдық жеткізушілерге алдын ала төлем төленді, - деді ол. – Біздің басшылық Ресей Федерациясының таяу облыстарының фермерлерімен ҰҚМ жеткізуге келіссөз жүргізді. Сондай-ақ, 1 жасқа дейінгі қозыларды Қазақстанның аймақтарынан сатып алу жоспарланып отыр. Кәсіпорын малды союмен және тұтас етін бөлумен, сонымен қатар сойған малдың бас-сирағын, ішек-қарнын толығымен қайта өңдеумен айналысатын болады. Өнімнің 20 %-н ішкі нарықта өткізбек ойымыз бар, ал қалғанын экспортқа жөнелтпекшіміз. - 13 жыл ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 341 млрд. теңге инвестициялады, оның 8,4 млрд. теңгесі Батыс Қазақстан облысына келеді, - дейді «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Нұрлан Өмірзақов. – Бұл бүкіл инвестиция көлемінің 2 % құрайды. Біз БҚО-мен ынтымақтастығымыздың әрі қарай дами бергенін қалаймыз, өйткені оның әлеуеті өте зор – аграрлық облыс болып саналады. Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» АҚ инвестициялық бағдарламасы шеңберінде Батыс Қазақстан облысына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаты есебінен «КХ ОралАгроСервис» ЖШС көкөніс қоймасын ұйымдастыру, «Берік» ШҚ суару жүйесі, «Уралэнергострой» ЖШС жемшөп өндірісі және «Арай» ШҚ 500 бас ІҚМ арналған мал бордақылау алаңын құру бойынша жобаларды іске асыру жұмыстары жүріп жатыр. Осы жобалардың бірі – жылына 4 800 тонна көкөніс сақтауға арналған құны 387,1 млн. теңге тұратын көкөніс қоймасы – ендігі биылғы жылы іске қосылмақшы болып отыр.

Дата:  08.11.2013
Вернуться к списку
;