8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Қазақстанда "ҚазАгро" қаржыландыруымен ауыл шаруашылық саласындағы инвестициялық жобалар.

Қазақстанда "ҚазАгро" қаржыландыруымен ауыл шаруашылық саласындағы инвестициялық жобалар.                                                                             11.11.2013 Бүгінгі күні "ҚазАгро" Ұлттық Холдингі инвестициялық портфелінде 228,1 млрд.теңгені құрайтын 320 инвестициялық жоба бар. Холдинг сарапшыларының мәлімдеуінше жаңа өндіріс орындарының құрылысы мен жүзеге асырылуы 12 мың жұмыс орындарын қамтамасыз етті. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың Алматы облысындағы кәсіпорындардың бірі - "Алатау құс" ЖШС құс фабрикасына бару кезінде айтылды. Еске салайық, нысанға бару облыс кәсіпкерлерімен өткен жиын аясында өтті, жиында "ҚазАгро" инвестициялық бағдарламалары мен оңтүстік астана азық-түлік белдеуінде Ұлттық Холдинг инвестициялық жобаларының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Төменде "ҚазАгро" Ұлттық Холдингі компаниялар тобымен қаржыландырылған инвестициялық жобалар өндірістік сипаты мен іске қосылған жобалар саны көрсетілген: - Құс фабрикалары: құны 32,01 млрд.теңгені құрайтын жылына 801,8 млн.дана жұмыртқа мен 68,2 мың тонна құс етін шығару өндірістік қуаттылығы бар 23 жоба мақұлданған. Аталған көлемдер құс еті импортын 52,5 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні 21,1 млрд.теңгені құрайтын 16 жоба пайдалануға берілген. -Сүт-тауар фермалары: 32,47 млрд.теңгені құрайтын жылына 142,2 мың тонна сүт пен сүт өнімдерін шығаруға өндірістік қуаттылығы бар 28 жоба мақұлданды. Аталған көлемдер сүт өнімдері импортын 17,7 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні 19,1 млрд.теңгені құрайтын 18 жоба пайдалануға берілген. - Көкөніс сақтау қоймалары: 11,3 млрд.теңгені құрайтын бір уақытта 113,5 мың тонна сақтау мүмкіндігі бар сыйымдылықтар мақұлданды. Сақтау қоймаларын пайдалануға беру сақтау қуаттылығы дефицитін 37,8 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Соның ішінде, ағымдағы күні 10,1 млрд.теңгені құрайтын 22 жоба пайдалануға берілген. - Жылыжайлар: 28,7 млрд.теңгені құрайтын 116,4 га жерде орналасқан, жылына өндірістік қуаттылығы 43,5 мың тонна көкөніс өнімдерін беретін 33 жоюа мақұлданған, аталған көлемдер маусым аралық көкөніс дефицитін 54,4 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Соның ішінде бүгінгі күні 12,3 млрд.теңгені құрайтын 16 жоба пайдалануға берілді. - Суару жүйесін пайдаланып өнім шығару: 16,1 млрд.теңгені құрайтын, жылына 118,6 мың тонна көкөніс шығару қуаттылығы бар 16 жоба мақұлданды. Соның ішінде бүгінгі күні 10,7 млрд.теңгені құрайтын 10 жоба пайдалануға берілді. - Жем-шөп өндірісін дамыту: 3,6 млрд.теңгені құрайтын, жылына 53,7 мың тонна құрама жем мен 107,6 мың тонна жем шығару мүмкіндігі бар 18 жоба мақұлданды. Соның ішінде бүгінгі күні 2,2 млрд.теңге көлемінде 14 жоба пайдалануға берілді. - Астық сақтау қоймалары: 10,8 млрд.теңгені құрайтын, бір уақытта 494,5 мың тонна сақтауға мүмкіндігі бар 25 жоба мақұлданды. Соның ішінде бүгінгі күні 8,02 млрд.теңге көлемінде 20 жоба пайдалануға берілді. - Қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымын дамыту және оны қайта өңдеу: жалпы құны 17,5 млрд.теңгені құрайтын, жылына 3,1 млн.тонна астықты ауыстырып тиеуге, 275,2 мың тонна астық көлеміне дейін өнімді қайта өңдеу мүмкіндігі бар 24 жоба мақұлданды. Соның ішінде бүгінгі күні 16,6 млрд.теңгені құрайтын 23 жоба пайдалануға берілді. - Бордақылау алаңдары: 11,7 млрд.теңгені құрайтын 30,1 мың ірі қара мал орындарын қамтамасыз ететін 8 жоба мақұлданды. Соның ішінде бүгінгі күні 10,8 млрд.теңге құны бар 6 жоба іске қосылды. - Репродуктор-шаруашылықтары: 38,8 млрд.теңгені құрайтын, 52,8 мың орынға 77 жоба мақұлданды. Соның ішінде бүгінгі күні 29,5 млрд.теңгеге 62 жоба пайдалануға берілді. - Ет қайта өңдеу өндірісі, мал сою цехтері желісін құру: 6,2 млрд.теңге көлемінде жылына 27 мың тонна ет және ет өнімдерін шығару мүмкіндігі бар 15 жоба мақұлданды. Бүгінгі күні соның ішінде 3,9 млрд.теңгені құрайтын 14 жоба іске қосылды. - Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу /жүн, балық, мақта, күріш, тері, көкөніс, күнбағыс, балық өсіру/: 10,7 млрд.теңгені құрайтын 17 жоба пайдалануға берілді, оның 10,6 млрд.теңгені құрайтын 16 жобасы іске қосылды. - Сүт өңдеу: 0,64 млрд.теңге құнын құрайтын 18,1 мың тонна сүт өнімдерін шығару қуаттылығы бар 4 жоба мақұлданды. Соның ішінде бүгінгі күні 0,24 млрд.теңге көлемінде 3 жоба пайдалануға берілді. - Ауыл шаруашылық техникасын құрастыру: 6,4 млрд.теңгені құрайтын 4 жоба мақұлданды, соның 4,1 млрд.теңге көлеміндегі 2 жоба іске қосылды. Жалпы, құс фабрикасына бару кезінде кезінде "ҚазАгро" Ұлттық Холдингі компаниялар тобымен ауыл шаруашылық саласы субъектілерін қолдауға 2013 жылы 183 млрд.теңге бөлініп, оның бүгінгі күні 153 млрд.теңгесі меңгерілгендігі, сондай ақ, Алматы мен Алматы облысына 12 млрд.теңге бағытталғандығы атап өтілді. Анықтама: «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдинг құрамына «Азық түлік келісім шарт корпорацициясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ, «ҚазагроӨнім» АҚ, «ҚазАгрогарант» АҚ, «ҚазАгромаркетинг» АҚ кіреді.

Вернуться к списку
;