8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгроҚаржы» АҚ отандық және шетелдік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің арасындағы байланыстырып тұратын буын. Нидерланды Корольдығына сапар.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ  отандық және шетелдік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің арасындағы байланыстырып тұратын буын. Нидерланды Корольдығына сапар. 31.10.2013 Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдығындағы Елшілігінің бастамасы бойынша, екі елдің кәсіпкерлерінің арасындағы агроөнеркәсіптік кешендегі серіктестікті талқыға салып, оны нығайту мақсатында бизнес-форум ұйымдастырылған, оған «ҚазАгроҚаржы» АҚ басшылығы, Нидерланды Корольдығындағы Қазақстан Республикасының елшісі, сондай-ақ Нидерландының ауыл шаруашылығы секторындағы бейінді министрліктерінің өкілдері мен голландық серіктестер қатысты. Жалпыға мәлім, бүгінгі таңда Нидерланды Корольдығы ауыл шаруашылығын дамытуда тиімділігі аса жоғары көрсеткіштерге ие болған елдердің бірі болып табылады. Бұл мемлекет жылыжай шаруашылықтарына бөлінген жер алаңдары жағынан дүние жүзінде бірінші орын алады. Сонымен бірге, мемлекет жеміс-көкөніс дақылдары мен гүл шаруашылығын дамытумен белсенді түрде айналысады, сондай-ақ, ет және сүт бағытындағы ІҚМ өсіру жағынан аты белгілі лидер болып саналады. Тек 2010 жылдың өзінде-ақ, Нидерландыда өңделмеген сүт өндіру көлемі 12 млн. тоннадан асып кетті, бұл ЕО бүкіл көлемінен 7,5 % сәл көбірек. Нидерландының ауыл шаруашылығы секторындағы озық тәжірибесін және инвестициялық мүмкіндіктерін ескере отырып, сондай-ақ, екі жақты өзара қатынастың зор әлеуетін есепке ала отырып, голланд тарапы қолдағы бар мүмкіндіктермен және Қазақстанда өзара тиімді кооперация жүргізу шарттарымен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының агросекторды мемлекеттік қолдау бағдарламаларымен танысты. Тараптар жоғары технологиялы тауарлы-сүт фермаларын ұйымдастыру, «жасыл технологияларды» дамыту саласындағы ынтымақтастық және тәжірибемен алмасу мәселесін, Қазақстанда өнімділігі жоғары жылыжай бизнесін жүргізу саласында кеңес алу үшін голланд мамандарын жұмылдыру, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта терең өңдеуге арналған жабдықтар жеткізілімін жолға қою және бірлескен инвестициялық жобаларды құру мәселелерін талқылады. «Бізді, ең алдымен, ауыл шаруашылығында қолданылатын, Гаагада «Экспо-2013» көрмесін өткізу шеңберінде, сондай-ақ, «Food Valley» (Пищева алқабы) инновациялық технологиялық алаңда ұсынылған голланд инновациялары қызықтырады – дейді «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасы Ғұмар Рахимжанов, - жасыл технологияларды қолдану тәжірибесі, энергия қуатын үнемдеу бойынша жобалар бойынша тұсаукесер ерекше көңіл аударуға тұрарлық. Агробизнесте шетелдік серістестермен тиімді өзара қарым-қатынас орнату мақсатында, қазақстандық тауар өндірушілерге шетелдік серіктестердің ресурстары мен мүмкіндіктеріне кіруге рұқсатты қамтамасыз ететін инвесторлардың мамандандырылған электрондық базасын құру туралы шешім қабылданды. Бұл жаңадан енгізілген жаңалық ынтымақтастықтың шегін ұлғайтып, отандық аграрлық сектор мен шетелдік әлеует арасындағы байланыстырып тұратын ерекше буын болып қалуға мүмкіндік туғызатын болады» - деп әңгімесін толықтырды Ғұмар Рахимжанов. Екі елдің агробизнес саласындағы бұдан былайғы ынтымақтастығының талқылануын таяу арада Астана қаласында өтетін «Agro world Kazakhstan» ауыл шаруашылығы көрмесіне голланд делегациясының қатысуы шеңберінде жалғастыру жоспарланған. Анықтама үшін: Ағымдағы жылғы 23-24 қазанда Нидерланды Корольдығына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбековтың сапары болып өтті. Сапар бағдарламасы шеңберінде Министр А. Мамытбеков Арнем қаласындағы «Food Valley Expo 2013» ауыл шаруашылығы көрмесінде болды, «Groen Agro Control» ғылыми-зерттеу және сабағаттық орталығының қызметімен, «Вагенинген университеті және ғылыми-зерттеу орталығы» объектілерімен, сондай-ақ, Нидерландыда фермер шаруашылығын жаппай жүргізу үлгісімен танысты.

Вернуться к списку
;