8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Атырау облысында ет-жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасын іске қосу

Атырау облысында ет-жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасын іске қосу 07.10.2013 Атырау облысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы «Құс фабрикаларының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту» жобасын іске асыру барысында «Атырау Сауда» ЖШС қуаты жылына 58 тоннадан артық ет және 11 миллионға дейін жұмыртқа өндіретін аймақтағы ең ірі құс фабрикасының құрылысы аяқталды. Облыс тұрғындарының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жоба құс өсірудің еуропалық стандарттарына сай және оның арсеналында жетекші итальян және неміс өндірушілерінің қазіргі заман жабдықтары бар. «ҚазАгроҚаржы» АҚ тарапынан құс басын ұлғайтатын балапандар мен мекиен тауықтарға арналған клеткалы жабдық, сондай-ақ, құстарды қажетті азықпен қамтамасыз ету мақсатында тұрғызылған құрама жем зауытына арналған жабдық сатып алуға бөлінген жалпы қаржыландыру сомасы 250 млн. теңгені құрайды. Жобаны қаржыландыру мерзімі 7 жыл жылдық 9 % ставка бойынша. Бүгінгі таңда «Атырау Сауда» ЖШС құс фабрикасы күн сайын 45 000 жұмыртқа шығарады. 2014 жылдың сәуір айынан бастап фабрикада күніне 163 кг дейін ет өнімдерін өндіруге бағытталған бройлер тауықтарын сою ісін бастау жоспарлануда. Жалпы алғанда, елімізде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы «Құс фабрикаларының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту» инвестициялық бағыты шеңберінде сомасы 20,3 млрд. теңгеге ет және жұмыртқа бағытындағы 18 құс фабрикасы қаржыландырылып, іске қосылған. 2013 жылы республика бойынша үш ірі құс фабрикасын іске қосу жоспарлануда, соның ішіндегі ең ірісі «Атырау Сауда» ЖШС құс фабрикасы. Назарларыңызға, 2005-2013 жылдар ішінде Компания Атырау облысына шамамен 1 676 млн. теңге қаржы инвестициялады. Етті қайта өңдеу, тамшылатып суару жүйелерін қолданып жеміс-көкөніс, техникалық және май дақылдарын өндіруді дамыту, көкөніс қоймаларын құру, сондай-ақ, лизингке ауыл шаруашылығы техникасын, наубайхана жабдығын және т.б. беру сияқты бағыттар бойынша өнеркәсіп мақсатындағы алты ірі жоба қаржыландырылды.

Вернуться к списку
;