8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Қазақстандық өндіруші Кремльге премиум-класс ет өнімдерін жеткізуге дайын.

Қазақстандық өндіруші Кремльге премиум-класс ет өнімдерін жеткізуге дайын.                                                                             02.10.2013 Бүгін Батыс Қазақстан облысында орналасқан бордақылау алаңынан көршілес Ресейдің мәскеулік нарығына алғашқы 20 тонна ІҚМ еті жөнелтілді. Бұл қазақстандық өндірісші мен ресейлік компания, сауда индустриясында жұмыс істейтін - Москворецкий сауда үйі арасында келісілген жылдың соңына дейін 500 тонна ет жөнелту шартының бастамасы. Қазақстандық экпорттаушы ретінде еліміздің батыс өңірінде орналасқан- «Crown батыс» ЖШС болып табылады, ол қазіргі заманғы бордақылау алаңы бар, инфрақұрылымы дамыған кәсіпорын. Нысан 2010 жылдың желтоқсан айында қолданысқа берілген, ЖШС өзіне 8 640 бас ІҚМ бір уақытта ұстау мүмкіндігі бар мал өсіру кешенін, тоңазытқыш жабдықтары бар (қуаттылығы бір ауысымда 120 бас ІҚМ) ет комбинатын және астық сақтау қоймасы бар қоспа жем зауытын қамтиды. Жоба -құны 3 571,9 млн.теңгені құрайды, «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі құрамындағы еншілес компания "КазАгроӨнім" АҚ- ның қатысуымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылды. Бітім жасауға ағымдағы жылдың шілдесінде «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі басшысы Дулат Айтжановтың ресейлік импортер өкілдерімен өткен кездесуі түрткі болды. Аталған кездесуде қазақстандық өндірушілердің ресейлік ет нарығына, атап айтқанда Мәскеу сауда жүйелеріне кірудің өзекті мәселелері қарастырылған. Кездесу барысында ресейліктер қазақстандық еттің құнарлы сипаттары мен дәмдік қасиеттері арқасында Ресейдің мәскеулік нарығында премиум-класс өнімі ретінде жайғаса алатынын атап өтті. «Crown Батыс» ЖШС директоры Евгений Алиевтың сөзіне сәйкес, бүгінгі таңда бордақылау алаңында 4 мыңнан астам ІҚМ басы ұсталуда. Жергілікті базарлардан бөлек ет өнімдері Ресейдің орталық аймақтарына да жеткізіледі. Бүгінгі күні қолданыстағы шартқа сәйкес ресейлік логистикалық компаниясының бірімен Самараға 34 тонна мөлшерінде тоңазытылған ет жөнелтілді. Бұл ретте экспорттық бағыттарды толыққанды дамыту үшін Кедендік Одақ ішіндегі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарға тәуелді кейбір мәселелерді шешу қажет. Мысалы өнімнің сапасын растайтын сәйкестілік куәліктерін бекіту қажет. Аталған мәселелерді шешу үшін Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты бөлімдері жұмыс істеуде. Күні кеше ғана, ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков Фэйсбук әлеуметтік парақшасында экспортқа байланысты басты мәселенің бірінің шешілгенін мәлімдеді, яғни аусыл (ящур) ауруының тарау себебінен Ресейдің Батыс Қазақстан облысынан кіргізілетін ет өнімдеріне қойған шектеулерін алып тастағанын хабар етті. Бүгін аталған жаңалықты Ресей мал дәрігерлік және фитосанитарлық бақылау қызметінің баспасөз хатшысы растады. «Crown Батыс» ЖШС басшысы қазақстандық өнеркәсіп ағымдағы жылдың соңына дейін Мәскеуге апта сайын 20 тонна ет өнімдерін тоңазытылған және вакуумдық орамада боршаланған түрде жеткізілетінін атап айтты. Өнімнің сапасын кепілдей отыра, Евгений Алиев Мәскеу Кремліне премиум-класс ет өнімдерін жеткізуге дайын екендігіне көзімізді жеткізді. Өз кезегінде еліміздің ауыл шаруашылық кешені жобаларына қаржылық қолдау көрсетуші «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі Батыс Қазақстан облысы мал шаруаларына экспорттық үлкен бағыт көрсетіліп, отандық ет экспорттаушылар ұстанатын жоғары сапа деңгейі қойлып отырғанын атап айтты.

Вернуться к списку
;