8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Еліміздегі 120 мың гектар алқаптағы ауылшаруашылық дақылы қолайсыз ауа райы салдарынан өнбей қалды

Еліміздегі 120 мың гектар алқаптағы  ауылшаруашылық дақылы  қолайсыз ауа райы салдарынан өнбей қалды                                                                                        27.09.2013 2013 жылы елімізде 12,4 млн. гектардан астам алқап сақтандандырылған, бұл сақтандандырылуға тиісті жалпы егістік аумағының 74%-ын құрайды (күзгі дақылдарды қоспағанда). «Қазагромаркетинг» АҚ-ның ағымдағы ақпараты бойынша, оның ішінде 120 мың гектар егістік жердегі ауыл шаруашылығы дақылдары шықпай қалды, бұл барлық сақтандандырылған алқаптың 1%-ын құрайды (салыстырып қарасақ: өткен жылы осы кезеңде бұл көрсеткіш 800 мың гектарды құраған болатын). Атап өтетіні, аталған көрсеткіш артуы мүмкін, себебі алқаптарды тексеру жұмыстары барлық аймақтарда толық аяқталған жоқ. Қолдағы мәліметке сәйкес, қолайсыз ауа райы құбылыстарының әсерінен ең көбі Ақтөбе облысы зардап шекті, республика бойынша барлық жойылған егістіктердің 1/3 бөлігін аталған облыс құрайды, Қостанай облысы шамамен алғанда – 1/5 бөлігін, Батыс Қазақстан облысы шамамен алғанда – 1/6 бөлігін, Ақмола облысы 1/7 бөлігін құрайды. Әдеттегідей, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында егіс алқаптары құрғақшылықтан зардап шекті. Ал Ақмола облысының егістігіне жауған бұршақ пен ылғалдың тым көп болуы кері әсерін тигізген. Дегенмен, өткен жылдардың мәліметтерін саралай келе, жалпы алғанда 2013 жыл отандық өсімдік шаруашылығы саласы үшін қолайлы болды деуге толық негіз бар, әсіресе барлық сақтандандырылған егістіктің 10% құрғақшылық салдарынан жойылған 2012 жылмен салыстырғанда бұл әділ тұжырым болып табылады. Салыстыратын болсақ: 2010 жылы шамамен алғанда барлық сақтандандырылған алқаптың 9% қолайсыз ауа райы құбылыстарынан зардап шексе, 2008 жылы бұл көрсеткіш 5%-ды құраған. Өсімдік шаруашылығы үшін ең қолайлысы 2011 жыл болды, онда алқаптардың жойылу көлемі 1%-ды құраған. Атап өтетіні, биылғы жылдың тұжырымдары сақтандыру компаниялары (СК) мен өзара сақтандыру қоғамдарының (ӨСҚ) жедел ақпараты негізінде жасалған. «Қазагромаркетинг» АҚ өсімдік шаруашылығы саласындағы міндетті сақтандыруды қолдауға бөлінген бюджеттік қаражатты басқару бойынша ҚР Үкіметінің агенті болып табылады. 2004 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру» туралы Заңы бойынша дәнді дақылдар, майлы дақылдар, қант қызылшасы және мақта міндетті сақтандыруға жататын дақылдар болып табылады. Заң бойынша бұл дақылдарды егіп болғаннан кейін 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі алқаптарын СК-да немесе ӨСҚ-да сақтандыруы тиіс. Сақтандыру жағдайы орын алса, ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі әкімдікке комиссия құру туралы өтінішін тапсырады. Әкімдік комиссия жұмысын ұйымдастырады, оның құрамына әкімдік өкілі және ауыл шаруашылығы тауар өндірушісімен қатар, Агент өкілі («Қазагромаркетинг» АҚ), СК немесе ӨСҚ өкілі және ҚР АШМ аумақтық органының өкілі енеді. Комиссия егістіктің қаншалықты жойылғанын анықтау мақсатында алқапты тексеріп, акті жасайды. Егістің өнбей қалғанын растайтын актісін алып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі СК-ға немесе ӨСҚ-ға шығынды өтеуді сұрап өтініш береді. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушісіне шығын өтелгеннен кейін, ендігі кезекте СК немесе ӨСҚ Агентке («Қазагромаркетинг» АҚ) төленген сақтандыру төлемдерінің 50%-ын қайтару мақсатымен иек артады. Агент СК немесе ӨСҚ-ның тапсырған құжаттарының заңнамаға сәйкестігін тексеріп, оларға төлеген сақтандыру төлемдерінің жартысын қайтарады. Агентке болса, аталған қаражат Республикалық бюджеттен сәйкес қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заң негізінде аударылады.

Вернуться к списку
;