8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«Жаңа Қала» ТСФ-на баспасөз-тур

«Жаңа Қала» ТСФ-на баспасөз-тур 23.09.2013 Бұл тауарлы-сүт фермасын модернизациялау жобасы 2012 жылы іске қосылған, дәл осы уақытта фермаға симментал тұқымының 180 бас өнімділігі жоғары сүтті малдары әкелінген болатын. Жоба шеңберінде фермаға «елочка» үлгісінің жоғары технологиялы сауу жабдығы, сонымен қатар қазіргі заман еуропалық стандарттарға сай неміс өндірушісінің ІҚМ ұстауға арналған басқа да жабдықтары әкелінген-ді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы іске асырылған жобаның жалпы құны - 331,8 млн. теңге тұрады. Шаруашылықтың таяу арадағы жоспары - мал басын 340 дейін ұлғайтып, сүт өнімділігін жылына 3 000 тоннаға дейін жеткізу. Айта кеткен жөн, «Жаңа Қала» ТСФ Павлодар облысындағы үшінші ірі тауарлы-сүт фермасы болып саналады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен мұнда ендігі өнімділігі жылына 5 000 тоннаға дейін сүт өнімдерін өндіретін «Галицкое» және «ОХ Иртышское» ЖШС тауарлы-сүт фермалары іске қосылған. Жалпы алғанда, елімізде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы «Тауарлы-сүт фермаларының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту» инвестициялық бағыты шеңберінде тауарлы-сүт фермаларын құру бойынша 16 ірі шаруашылық қаржыландырылып, іске қосылған. 2007 жылдан 2013 жылға дейінгі кезең ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы республикаға сүт бағытындағы элиталы тұқымның 7 000 астам ІҚМ жеткізілген. 2013 жылы құны 10 млрд. теңгеге 8 тауарлы-сүт фермасының іске қосылуы жоспарлануда, соның бірі «Жаңа Қала» сүт фермасы болып табылады. Сіздердің назарларыңызға, 2000-2013 жылдар ішінде Компания Павлодар облысына шамамен 12,1 млрд.теңге инвестициялады. Құны 8,5 млн. теңгеге 1 000 артық техника лизингке табысталды. Жалпы сомасы 3,3 млрд. теңгеге астықты, былғары шикізатын қайта өңдеу, жемшөп өндірісін дамыту сияқты 12 жоба іске қосылды.

Вернуться к списку
;