8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«Егінжай-2013» бағдарламасынқолдауға арналған қаражат

«Егінжай-2013» бағдарламасынқолдауға арналған қаражат 10.09.2013 Қазақстанның негізгі астық егу аймақтарында қызу жұмыстар басталды. Бірқатар аймақтарда тамыз айының жаңбыры астықтың пісуіне және астық жинау уақытының созылуына кесірін тигізді. Сондықтан диқандардың басты мақсаты – соңғы уақытта болған, дегенмен сенімсіз күншуақты ауа райын қолданып қалу болды. Алдағы қиындықтарды ескере отырып «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі отандық диқандардың мүмкіндіктерін барынша күшейтуге тырысты. Ауыл шаруашылық кәсіпкерлеріне көмек ретінде «Егінжай-2013» бағдарламасы аясында астық және мақта жинаушы комбайндар мен осы маусымда қажеттілік туғызған астық кептіру жабдықтарын иелену кезіндегі жаңа қаржыландыру шарттары бекітілді. Сонымен қатар, «ҚазАгро» Холдингі шаруалардың бірнеше рет жасалған сұраныстарын ескере отырып, алыс шетелде қолданыста болған техниканы иелену мүмкіндігін туғызды. Енді, Холдингтің еншілес компаниясы - «ҚазАгроҚаржы» арқылы шаруалар қолданыста болған жоғарыөнімді техниканы қолайлы шарттармен төмен бағаға сатып алуына болады. Аталған шаралар қызу жұмыс науқанында комбайндарды жалға алуға мәжбүр болатын, сонымен қатар агротехникалық мерзімдерді бұза отырып, астықтан толығымен айырылып, кем дегенде астық сапасын жоғалту қаупі бар қаржысы шектеулі шаруаларға елеулі көмек болуы тиіс. Ағымдағы жылдың басынан «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру аясында еліміздің агросаласына 69,5 млрд.теңге инвестициялады. Егін егу және жинау жұмыстарына дайындық кезінде Холдингтің еншілес компаниялары 3 630 ауыл шаруашылық кешені субъектілерінің өтінімдерін қаржыландырды, бұл 5,7 млн.га жерді өңдеу мен егуге мүмкіндік берді. Астық жинау науқанын қаржыландыруға Холдинг жалпы 17 млрд.теңге бөлуді көздеп отыр. Шаруалар мен агроқұрылымдарды қолдау неиелік ресурстар мен түрлі ауыл шаруашылық техниканы лизингке беру арқылы жүзеге аспақ. Бұл соманың 13 млрд.теңгеге жуығы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның астық жинау техникасы мен жабдықтарын сатып алуға арналған бюджеттік емес көздерінен болып табылады. Сондай ақ, Аграрлық несиелік корпорациясының қаржысы тікелей несиелеу мен Несиелік серіктестер жүйесі арқылы қаржыландыруға көзделген. Оңтүстік өңірлердегі мақташыларды қаржыландыру үшін және өзінің «Егінжай» бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау Қоры 500 млн.теңге бөледі. «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Егінжай- 2013» бағдарламасы шеңберінде астық жинау техникасын лизингке берудің бірқатар жеңілдіктерін ұсынып отыр. Жаңа шарттарға сәйкес бастапқы /аванстық/ төлем төмендетілді. Енді ол 2013 жылдың 15 қарашасына дейін мерзімін ұзарту мүмкіндігімен 10 пайызды құрайды. Сонымен қатар, Агробизнес 2020 бағдарламасы аясында субсидиялау есебінен сыйақы мөлшерлемесі 5,8 пайызға дейін төмендетілді. Бұл шарттар «Егінжай 2013» бағдарламасы аясында астық жинау және мақта жинау комбайндарын алу кезінде де қолданылады. Бұл ретте лизингке біршама қымбат емес және қызмет көрсетілуі шығынды емес қазақстандық және ресейлік өндірушілердің - «Нива», «Енисей», «Essil», «Вектор», «Акрос» комбайндары мен оларға бағалық және техникалық сипаттарға үйлес астық және мақта жинаушы техникалары беріледі. Жалпы, 2013 жылдың астық жинау жұмыстары шегінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на бүгінгі күні 16 миллиардтан астам теңгені құрайтын астық жинау жұмыстарына түрлі ауылшаруашылық техникасын алуға 1000 бірліктен астам өтінімдер келіп түсті, оның 600 бірлігін комбайндар құрайды. «ҚазАгро» Ұлттық Холдингінің басқа қаржылық енщілес компаниясы – Агралық несиелік корпорациясына көктемгі дала және жинау жұмыстарын несиелендіру аясында неиелік серіктестер жүйесі арқылы ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің 6,5 млрд.теңгені құрайтын 787 өтінімдері түсті. Оның Алматы, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан бойынша жалпы, 5,8 млрд.теңгені құрайтын 742 өтінімі мақұлданды. Қыркүйектің алғашқы күндері мәліметтеріне сәйкес Несиелік серіктестер жүйесі арқылы еліміздің 13 облысында 5,5 млрд.теңгені құрайтын 700 ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне несиелер берілді. Несиелік серіктестер арқылы шаруаларға несиелер орташа 7 пайыздан 9 пайызға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен, оның ішінде: негізгі құрал жабдықтарды алуға - 9 жыл, айналым қаржысын толықтыруға – 2 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Несиені міндетті қамсыздандыру болып жылжымалы/жылжымайтын меншік, мал, жер телімдері және басқа табылады.

Вернуться к списку
;