8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Егін орағы 2013» бағдарламасы шеңберінде астық жинайтын және мақта жинайтын комбайндар сатып алуды қаржыландырудың жеңілдікті талаптарын ұсынады!

«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Егін орағы 2013» бағдарламасы шеңберінде астық жинайтын және мақта жинайтын комбайндар сатып алуды қаржыландырудың жеңілдікті талаптарын ұсынады! 28.08.2013 Отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жеңілдікті талаптарда астық жинайтын және мақта жинайтын комбайндар сатып алу мүмкіндігін беру мақсатында «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Егін орағы 2013» бағдарламасы шеңберінде лизингке егін жинайтын техника сатып алу үшін бірқатар жеңілдіктер ұсынып отыр. Қаржыландыру талаптарына сәйкес, аванстық төлем төмендетілген және мерзімі 2013 жылдың 15 қараша айына дейін ұзартылып, 10 % кем емес шаманы құрайды. Сонымен бірге, «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде, Егін жинау науқанына қолдау жасау мақсатында, мемлекет ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жалпы қаржыландыру ставкасының 7% субсидиялауға міндеттеніп отыр. Сөйтіп, субсидиялануын бірге есепке алғанда, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-дағы ауыл шаруашылығы техникаларының, соның ішінде егін жинау техникаларының лизингі бойынша ставка жылдық 12,8% орнына 5,8% құрайтын болады. Субсидияның берілу мерзімі 2013 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі кезең бойынша 12 ай. Бұл ретте, лизингке құны біршама арзан және қызмет көрсетуде тым көп шығын шығаруды қажетсінбейтін Ресей және Қазақстан өндірістерінің «Нива», «Енисей», «Essil», «Вектор», «Акрос» сияқты астық жинайтын комбайндары, сондай-ақ, бағасы мен техникалық сипаттамасы жағынан осыларға ұқсас басқа да астық және мақта жинайтын техникалар беріледі. Жалпы алғанда, «ҚазАгро» ұлттық холдингі 2013 жылдың егін жинау науқанын қаржыландыруға 17 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл қаражаттың 13 млрд. теңгесі астық жинайтын техника мен жабдықтар сатып алуға арналған «ҚазАгроҚаржы» АҚ бюджеттен тыс көздеріне тиесілі. Шамамен 3,9 млрд. – Аграрлық несие корпорациясының қаражаты, Несие серіктестерінің жүйесі арқылы тікелей несиелендіруге және қаржыландыруға арналған. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры еліміздің оңтүстік аймағының мақта өсірушілерін қаржыландыруға, сондай-ақ, өзінің «Егінжай» бағдарламасы шеңберінде шамамен 500 млн. теңге бөлмекші.

Вернуться к списку
;