8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгро» Холдингінің 2013 жылы астық жинау жұмыстарына бөлген қаражаты

«ҚазАгро» Холдингінің 2013 жылы астық жинау жұмыстарына бөлген қаражаты 23.08.2013 «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі 2013 жылы астық жинау науқанын қаржыландыруға жалпы 17 млрд.теңге бөлуді жоспарлауда. Қазақстанның негізгі астық егу аймақтарындағы шаруалар мен агроқұрылымдарды қолдау түрлі ауылшаруашылық техникасы мен несиелік ресурстарды ұсыну түрінде жүзеге асырылады. Қаржыландырудың жалпы сомасының 13 млрд.теңгеден астамы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның астық жинау техникасы мен жабдықтарын сатып алуға арналған бюджеттік емес көздері болып табылады. Бүгінгі күні Ұлттық Холдинг құрамындағы лизинг компаниясы қазақстандық өндірушілер мен жабдықтаушыларымен, сондай-ақ жақын және алыс шетел серіктестерімен техниканы жеткізу туралы келісім шарттарын жасады. Осыған орай, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на келіп түскен қаржыландыру өтінімдерінен 300 бірлік техника өз иелерін тапты немесе жақын арада табады. «ҚазАгро» құрамындағы басқа компания - Аграрлық несие корпорациясы жоспарланған 3,9 млрд.теңгенің 2,8 млрд.-қа жуығын астық жинау жұмыстарын жүргізуге бағыттады. Шаруаларды қаржыландыру тікелей несиелендіру немесе несие серіктестері арқылы іске асырылады. Өз кезегінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры еліміздің оңтүстік мақта жинау жұмыстарын, сонымен қатар «Егінжай» бағдарламасын қаржыландыруға 500 млн.теңге бөлуді көздеп отыр. Еске салайық, ағымдағы жылдың басында егін егу науқанын қаржыландыру аясында «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі 69,5 млрд.астам теңге инестициялады. Көктемгі дала жұмыстары барысында Холдингтің еншілес компаниялары 5,7 млн. га егін жерін өңдеу мен егуге мүмкіндік берген, барлығы ауылшаруашылық өндіріс кешені субъектілерінің 3 630 өтінімін қаржыландырды. Анықтама: ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің мәліметі бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егісі ағымдағы жылы 21,4 млн. га орналастырылды. Көктемгі егіс алқабы 18,6 млн. га құрады. Дәнді дақылдар (күздік және жаздық) 15,8 млн. га орналастырылды, оның ішінде бидай – 13,1 млн. га. 2012–2016 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы дақыларының егіс алқаптарын әртараптандыру жөніндегі меморандумдар аясында басымды дақылдардың алқаптарын кеңейту есебінен бидайдың алқабы 2012 жылдың деңгейімен салыстырғанда 355,0 мың га (2,6%), күріш 3,7 мың га (4%) азайтылды. Бұл ретте дәндік жүгерінің алқабы 2,6 мың га, арпаның алқабы – 4,1 мың га, сұлының алқабы - 38,0 мың га ұлғайды,. Майлы дақылдар 1,9 млн. га орналастырылды, бұл былтырғы жылдың деңгейінен 78,8 мың га артық, мал азықтық дақылдары 3,1 млн. га (284,7 мың га артық).

Вернуться к списку
;