8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Ақмола облысында жаңа астық қоймасы іске қосылды

Ақмола облысында жаңа астық қоймасы іске қосылды 19.08.2013 Ақмола облысында 32 000 тонна астық сақтауға көлеміне есептелген жаңа астық қоймасы іске қосылды. Оқиғаның маңыздылығы, астықты қайта өңдеуді қамтитын барлық кешенді жаңарту жұмысы республиканың негізгі астық егетін елдеріндегі егінді жинау науқанының алдында аяқталғанында болып тұр. «Төңкеріс» астық қабылдау кәсіпорны» ЖШС тиесілі және «ҚазАгро» ұлттық холдингінің құрылымындағы компания – «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржылай қолдауымен тұрғызылған астық сақтау кешені әрқайсысы 3000 тоннадан тұратын жиынтық көлемі 12 000 тонна астық сақтауға арналған төрт силостан тұрады. «Төңкеріс» АҚК» ЖШС астық сақтау қоймасын жаңарту жөніндегі жобаны қаржыландырудың жалпы сомасы 289,3 млн. теңгені құрайды. Кешен басқарудың автоматтандырылған жүйесімен, сондай-ақ астықты тазарту мен кептірудің жоғары технологиялық жүйесімен жабдықталған. Астық сақтауға арналған сыйымдылықтар дәнді дақылдарды сақтаудың әлемдік стандарттарына сәйкес келеді және металға гальван тогын жіберу арқылы аса берік болаттан дайындалған. Кешен құрылысы кезінде пайдаланылатын технологиялар негізінде испанияның компанияларымен ұсынылған. Тек Аргентинадан әкелінген кептіру жабдығы мен Швейцариядан жеткізілген автоматты сынама іріктеуіші бар аса дәлме-дәл зертхана ғана басқа. Астық сақтау қоймасымен қатар қазіргі заманға сай диірмен кешені салынған, оның өнімділігі жаңа жабдықтың арқасында тәулігіне 30 тоннадан 200 тоннаға дейін өсті. Оны салуға және жарақтандыруға қаражатты тағы да «ҚазАгроҚаржы» АҚ бөлді. Осы ретте барлық кешенді қайта құру кәсіпорынның жоспарлы қызметімен қатар жүріп отырды. «Төңкеріс» астық қабылдау кәсіпорны» ЖШС астық қоймасының ашылуына жабдықтарды жеткізушілер мен Испаниядан, ҚХР, Тәжікстаннан, Өзбекстаннан астық импорттаушылар қатысты. Жалпы «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі бүгінгі таңда барлығы 442,5 мың тонна сыйымдылық мүмкіндігі бар астық қоймаларының құрылысы бойынша 24 инвестициялық жобалар мақұлдады. Аталған жобаларды қаржыландыру, Холдингке еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің басымды бағыттарын қолдау мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қоры есебіндегі қаражаттан бөлінгенін атап өту жөн. ҚР АШМ мәліметі бойынша бүгінгі таңда республикада 215 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары жұмыс істейтінін еске саламыз, олардың жалпы сақтау сыйымдылығы шамамен 13,9 млн. тонна. Бұдан басқа, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінде 10,6 млн.тонна астық сақтауға мүмкіндігі бар сыйымдылықтары бар. Осылайша, астықты сақтауға арналған қолдағы сыйымдылықтың жалпы көлемі 24,5 млн. тоннаны құрайды. Ағымдағы жылдың 12 тамызындағы жағдайда республиканың аграрлық шаруашылықтарымен 704,5 мың га астық жиналды, ол облыстардың егістік алаңдарының 30,2 %-ын құрайды, 1160,6 мың тонна бастырылды, өнімділіктің орташа көлемі 16,5 ц/га құрады.

Вернуться к списку
;