8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Ақтөбе облысының тұрғындары үшін шетел сиырларынан жаңа сауылған сүт!

Ақтөбе облысының тұрғындары үшін шетел сиырларынан жаңа сауылған сүт! 26.07.2013 Ағымдағы айда Ақтөбе облысының ірі тауарлы-сүт фермасына голштино-фриз асыл тұқымды сиырлары жеткізілген болатын! Ақтобе облысындағы «АНДИ» ЖШС-на АҚШ-тан сүт бағытындағы жоғары өнімді малдың 474 басы жеткізілді. Шетелден жеткізілетін сиырлар үшін жобалық қуаттылығы ІҚМ 500 басына дейін жететін сүт-тауарлы ферма салынып, заманға сай техникамен жабдықталған болатын. Аталмыш тауарлы-сүт фермасының іске қосылуы Ақтөбе облысына жылына қосымша 3 500 тоннаға дейін жететін сүт өнімдерін алуға мүмкіндік береді. «АНДИ» ЖШС Ақтобе облысындағы тауарлы-сүт фермасының екінші ірі жобасы екенін атап өткен жөн. Бұған дейін «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен бұл жерде жылына 7200 тонна сүт өнімін шығаратын «Айс» ЖШС тауарлы-сүт фермасы іске қосылған болатын. «ҚазАгроҚаржы» желісі бойынша тауарлы-сүт фермаларының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту инвестициялық бағыты щеңберінде тауарлы-сүт фермаларын құру бойынша 16 ірі шаруашылық қаржыландырылып, іске қосылды. 2007-2013 жылдар аралығында «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы Қазақстан Республикасына сүт бағытындағы 7000 астам асыл тұқымды ІРҚ жеткізілді. 2013 жылы 8,1 млрд. тенге сомадағы 7 тауарлы-сүт фермасын іске қосу жобаланып отыр.

Вернуться к списку
;