8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

2013 жылғы сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бағдарламасын жүзеге асыру

2013 жылғы сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бағдарламасын жүзеге асыру 23.07.2013 Өзіңіз білетіндей, «Агробизнес-2020» бағдарламасы щеңберінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қолдау көрсету мақсатымен 2013 жылға арналған Ауыл шаруашылығы тауарлары несиелері (лизингісі) бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің пайыздық мөлшерін арзандату бағдарламасы жасалған болатын. Осы бағдарлама щеңберінде Қоғам 12,8 % жылдық мөлшерлемемен ауыл шаруашылығы техникасын лизинг негізінде ұсынады, оның ішінде 5,8%-ын лизинг алушы төлейді, ал 7%-ын мемлекет теңелтеді. Бағдарлама шарттарына сәйкес 2013 жылдың 1 қаңтарынан ерте емес уақытта жасалған ауыл шаруашылығы техникасының қаржылық лизингісі туралы шарттар субсидиялаудан өтеді. Бүгінгі таңда барлық қажетті рәсімдер мен реттемелеуші іс-шаралар аяқталып, «ҚазАгроҚаржы» АҚ субсидия ұсыну конкурсына қатысу үшін, лизинг алушылардан құжаттар қабылдау рәсімдерін ресми түрде бастайды. Субсидиялауға қажетті құжаттардың тізімі төменде көрсетілген: 1. Лизинг алушының белгіленген үлгі бойынша толтырған өтініш-сауалнамасы (үлгі тіркелген); 2. Лизинг алушының мемлекеттік тіркелуі/қайта тіркелуі туралы куәлік немесе анықтама (лизинг алушының қолы және мөрі қойылған көшірме); 3. Негізгі қарызды және сыйақыны төлеу кестесі тіркелген қаржылық лизинг туралы шарт; 4. Лизинг затының лизинг алушыға табысталуын растайтын құжат (қаржылық институтпен расталған көшірме). Осы бағдарламаның операторы«Қазагромаркетинг» АҚ болып табылады, бағдарламаның Әкімгері – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылғы министрлігі, субсидиялау жөніндегі ақырғы шешімді бағдарлама Әкімгері құрған Комиссия қабылдайды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – 1999 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес құрылған компания. Компанияның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ, лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларына және технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. «ҚазАгроҚаржы» АҚ негізгі мақсаттарының бірі - ірі жер иеленушілерге лизингке ауыл шаруашылығы техникаларын және жабдықтар беру арқылы Қазақстан Республикасының машина-трактор паркін жаңарту. «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ құрамына енеді.

Вернуться к списку
;