8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Ростсельмаш пен Қазақстанның арасындағы ынтымақтастық нығая түсуде

Ростсельмаш пен Қазақстанның арасындағы ынтымақтастық нығая түсуде  26.06.2013 Ростсельмаш компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоймақшы. Құжатқа қол қою рәсімі 2013 жылдың 26 шілдесінде Астана қаласында өтеді. Ынтымақтастықтың шеңберінде «Комбайновый завод «Вектор» ЖШМ негізінде VECTOR 410KZ комбайндары бірлесіп құрастырылатын болады. Аталмыш жобаның іске асырылуы республиканың ауыл шаруашылығы техникаларының паркін жаңартуға мүмкіндік беретін болады. Сондай-ақ, меморандумға қолдың қойылуы екі елдің арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға, тәжірибелерімен алмасуға, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласында оқып-үйрену және белсенді түрде өзара көмектесе әрекет жасасуға күшті серпіліс бермек. - Қазақстан - Ростсельмаш үшін стратегиялық серіктес. Меморандумға қолдың қойылуы машина жасау саласындағы маңызды кезең болып қалмақ,– деп атап кетті Ростсельмаш компаниясының бас директоры Валерий Мальцев. Қазіргі кезде қазақстандық аграрийлердің техникаға деген қажеттілігі негізінен импорттық машиналармен жабылады. Сондықтан елімізде өзіміздің меншікті құрастыру өндірістерімізді құру мәселесі бірінші кезекте тұр. Аталмыш қазақстандық және ресейлік жобаның іске қосылуы дайын өнімнің құнын төмендетуге және техниканы жеткізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретін болады. Дегенмен, ең бастысы, Көкшетау қаласындағы бірлескен құрастыру өндірісі Қазақстанның комбайндар паркін айтарлықтай жаңартуға себін тигізетін болады. Бұл келісімге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясымен серіктестік қарым-қатынастарды дамыту туралы Жолдауын іске асыру шеңберінде қол жетті. Алдын ала деректер бойынша, VECTOR 410KZ комбайндарын бірлескен құрастыру өндірісі жобасындағы қазақстандық құрамдас бөлігі 20%-дан асады. Қаржыландырудан басқа, ынтымақтастық тәжірибемен және ақпаратпен алмасу, Ростсельмаш негізінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ қызметкерлерін оқыту, Қазақстанда жұмыс істеу үшін Ростсельмаштан сарапшы тарту бағытында жүзеге асырылатын болады. Жобаның шеңберінде Қазақстан Республикасының лизинг алушыларына лизингке табыстау үшін «Комбайновый завод «Вектор» ЖШС жасап шығарған техникаларды «ҚазАгроҚаржы» АҚ сатып алу үрдісі жалғасын таппақшы. Қосымша Қазақстанның аумағында өзге де техникаларды бірлесіп құрастыру өндірісін құру мәселелері де қаралатын болады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасы Рахимжанов Ғұмардың айтуынша, бұл Меморандумның жасалуы республикада аграрийлер үшін арзан ауыл шаруашылығы техникаларын құрастырудың бірқатар жаңа өндірістерін дамытуға ілгері бастайтын айтарлықтай салмақты қадам болмақ. Ростсельмаш компаниясы техниканы Қазақстанның аумағына 50 жылдан астам уақыттан бері жеткізіп келеді. Ростсельмаш пен «ҚазАгроҚаржы» АҚ техника сатып алу саласында он жылдан астам уақыт ынтымақтасып жұмыс істеуде. Еліміздің астық жинау техникаларының паркіндегі Ростсельмаш комбайндарының үлесі 42 % құрайды. 2012 жылдың егін жинау науқанында Ростсельмаш комбайндарының 20 000 астам бірлігі қатысты. 2000 жылдан бастап, «ҚазАгроҚаржы» АҚ кейін ауыл шаруашылығы лизингісіне табыстау үшін, Ростсельмаш өндірісінің 2 900 бірлік техникасын сатып алды, бұл компанияның Қазақстандағы жалпы сату саудасының 52 % құрайды. АНЫҚТАМА Ростсельмаш компаниясы ауыл шаруашылығы техникаларының ең ірі дүние жүзілік өндірушілері бестігінің қатарына енеді. Құрамында өндірістік алаңдары Канадада, Ресейде, АҚШ-та, Украинада және Қазақстанда орналасқан 13 кәсіпорыны бар. Ростсельмаштың өнім желісін ауыл шаруашылығы техникаларының 24 түрі, 150 астам модельдері мен модификациялары құрайды. Әлемнің 26 елінің тұтынушылары Ростсельмаштың техникаларын таңдайды. Дүние жүзіне тарамдалған дилерлік желісі оперативті сервистік қамтамасыз етуге кепілдік береді.

Вернуться к списку
;