8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

ШҚО-да қазақтың ақ бас сиырларының тұқымын дамыту

ШҚО-да қазақтың ақ бас сиырларының тұқымын дамыту 24.06.2013 «Табыныңды жақсылып бақсаң, ешқандай да мал ауруынан қорықпайтын боласың», - деп сендірді журналистерді асыл тұқымды шаруашылықтар - «Лазарев и К» және «Сахновское» ЖШС-нің басшылары Шығыс Қазақстан облысында өткен кездесуде. Бүгінгі таңда «Лазарев и К» және «Сахновское» ЖШС сияқты асыл тұқымды шаруашылықтар аймақта ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы шеңберінде әкелінген элиталы қазақтың ақ бас тұқымының малдарын өсіретін ең ірі фермалар болып саналады. 2011 жылы «Лазарев и К» ЖШС және «Сахновское» ЖШС «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы Ресейден 400-ден артық қазақтың ақ бас тұқымының малдарын сатып алған. Бүгінгі таңда екі шаруашылықта да асыл тұқымды малдың саны екі есе көбейді. Малдар аймақтың жағдайына жақсы бейімделді, салмақ өсімі жоғары және мал ауруларына қарсы тұрақтылығы бар. 2013 жылы сиыр бұзаулау кезінде шаруашылықтарда қазақтың ақ бас тұқымының 300 бұзауы дүниеге келді. Өңірлік және республикалық БАҚ журналистерімен кездесу кезінде шаруашылықтардың басшылары жайылымдағы негізгі мал табынын және төлдерді көрсетіп шықты. «Қазіргі кезде елімізде қазақтың ақ бас тұқымын қайта жандандыру жұмысы жүріп жатыр. Ресей аумағында осы мал тұқымының сапалы сипаттамаларын сақтап қала алғандықтан, біз өз мал табынымызды жақсартып, дамыту мақсатында, көршілес мемлекеттен мал әкелу жөнінде шешім қабылдадық, - деді «Сахновское» ЖШС басшысы Бақытбек Шаймарданов. Өз малдарыңды жақсылап бағып, санитарлық-ветеринарлық шараларды уақытында жүргізіп, тамағын дұрыс беріп, күтіп-баптап отырсаң, мал ауруларының қауіпін едәуір төмендетуге болады. Қазір біздің сиырларымыздың күйі жақсы, салмақ өсімі де жақсы, қазақтың ақ бас мал тұқымын жақсылап күтсе, оның салмағы 700-900 кг дейін жетеді, - дейді фермер. Мәлімет үшін, бүгінгі таңда ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы шеңберінде 2011-2012 жылдар ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ елімізге 16 087 бас ірі қара малдың әкелінуін қамтамасыз етті. 2011 жыл ішінде ангус, герефорд, шароле және т.б. тұқымдарының 5 321 бас ІҚМ-ы әкелінді, 2012 жылы тағы да 10 766 бас асыл тұқымды малдар әкелінді. Ағымдағы, 2013 жылы ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы елімізге шетел селекциясының 14 000 бас ірі қара малдарының әкелінуі жоспарлануда. Бүгінгі таңда «Асыл тұқымды шаруашылықтардың (репродукторлардың) желісін құру» инвестициялық бағыты шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ 9 809 бас шетел малдарын әкелуге ендігі мақұлдап та қойған. Бүгінгі таңда «Асыл тұқымды шаруашылықтар (репродукторлар) құру» инвестициялық жобасы шеңберінде мал сатып алуға бүкіл республика бойынша 38 агроқұрылым өтінім тапсырды. Оның 22 шаруашылығы 9 809 бас элиталы мал әкелуге мақұлдауды алып та қойған және тағы да 5 657 бас ІҚМ әкелуге 16 жоба таяу арада мақұлдауды күтуде. Жалпылай алғанда, фермер шаруашылықтарын дамыту бағдарламасы шеңберінде «ҚазАгро» компаниялар тобының қаржыландыруы кезінде 2011-2012 жылдар ішінде 115 мың бас аналық ІҚМ және 4,5 мың бас асыл тұқымды бұқа сатылып алынды. 2013 жылы холдингтің көмегімен шаруашылықтар 20,3 мың бас ІҚМ және 1167 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды. 2011-2012 жылдар ішінде республикада жалпы қуаты 35,2 мың бордақылау орындары бар мал бордақылау алаңдары құрылды, соның ішінде «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қаражаты есебінен 17,7 мың мал бордақылау орыны, шаруашылықтар мен агроқұрылымдардың меншікті өз қаражаттары есебінен – 17,5 мың мал бордақылау алаңы құрылды. Осы кезең ішінде репродукторлар құру шеңберінде республикаға 30 мың бас асыл тұқымды ірі қара мал әкелінді, оның 22,7 мыңы «ҚазАгро» ұлттық холдингтің қаражаты есебінен сатылып алынды. АӨК экспорттық әлеуетін дамыту жұмысын қарқындату мақсатында, «ҚазАгро» холдингі биылғы жылы мал шаруашылығы кластерін құру жұмысын бастады. Кластердің мақсаты - «етті» Жобаның барлық мүдделі қатысушыларының ресурстарын ет өнімінің экспорттық партиясын дайындауға біріктіру. Мал шаруашылығы кластерінің жұмыс жасау механизмі міндетті түрде мал дайындаушылармен фьючерстік мәмілелер жасасу талабымен етті қайта өңдеу кәсіпорындарының және қазіргі заман мал бордақылау алаңдарының қаржыландырылуын көздейді. Басқа сөзбен айтқанда, айқын келісілген сатып алу бағасымен болашақтағы төл көлеміне мал бордақылау алаңдары мен ет комбинаттары шаруаларды авансылайтын болады, ал олар, өз кезегінде, алған ақшаларын өздерінің өндірістік қажеттіліктеріне пайдалана алады, мысалға, жемшөп дайындауға, қосымша аналық мал сатып алуға және т.б. Алған төлдерді шаруа және фермер қожалықтары бұдан бұрын алған қаржыландыру есебіне мал бордақылау алаңдарына тапсыратын болады. Семіртілгеннен кейін, мал ет комбинаттары мен сойыс пункттеріне жөнелтіледі. Қаржыландыру үшін міндетті талап ет өндіру көлемінің 20-30% дейінгісін Қазақстанның бірыңғай брендімен экспортқа шығару бойынша қайта өңдеушілердің міндеттемесі болып қалмақ. Сөйтіп, төл өсіруден бастап, дайын ет партиясын экспортқа шығаруға дейін бүкіл өндірістік тізбек құрылатын болады.

Вернуться к списку
;