8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Ақмола облысының фермасында шетелдік элиталы Абердин-Ангус тұқымының 175 бұзауы дүниеге келді!

Ақмола облысының фермасында шетелдік элиталы Абердин-Ангус тұқымының 175 бұзауы дүниеге келді! 12.06.2013 Абердин-Ангус тұқымының асыл тұқымды малдары ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы шеңберінде «ҚазАгро» ұлттық холдингтің еншілес компаниясы - «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 2011 жылы Солтүстік Дакотадан (АҚШ) әкелінген болатын. 440 артық етті мал Ақмола облысы Целиноград ауданының Шалқар ауылындағы (Астана қаласынан 70 км жерде) асыл тұқымды репродуктор фермасына орналастырылған. Шетелдік мал бейімделу кезеңінен ойдағыдай өтіп, осы жылдың көктемінде «Шалқар репродукторы алғашқы төлдерін де алды. Бүгінгі таңда фермада элиталы Абердин-Ангус тұқымының 175 бұзауы бар. «Шалқар» шаруашылығының директоры Дулат Қамзибаевтың айтуынша, таяуда тағы да 175 бұзаудың туылуы жоспарланып отыр. Шаруашылықтың есебі бойынша, ІҚМ саны 2013 жылы екі есе өсуге тиісті. Бүкіл малды шаруашылыққа орналастыру үшін, ендігі 800 бас малға арналған 4 сиыр қора салынып та қойған. Өндірісті ұлғайту шеңберінде мал бордақылау алаңының тұрғызылуы жоспарлануда. Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы «Асыл тұқымды шаруашылықтарды (репродукторларды) дамыту» инвестициялық бағыты шеңберінде ІҚМ алған шаруашылықтардың көпшілігі Қазақстанның климатына бейімделген төлдер алып жатыр. Бұдан әрі Қазақстанның аумағында алынған асыл тұқымды малдар бүкіл республика бойынша жоғары өнімді және етті ІҚМ санын көбейту мақсатында, сондай-ақ, жалпы ет өнімдері өндірісін арттыру мақсатында, өзге де шаруашылықтарға таратылатын болады. Ескерту: бүгінгі таңда ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы шеңберінде 2011 – 2012 жылдар ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ елімізге 16 087 бас ірі қара малдың әкелінуін қамтамасыз етті. 2011 жыл ішінде ангус, герефорд, шароле және т.б. тұқымдарының 5 321 малы, 2012 жылы тағы да 10 766 бас асыл тұқымды малдары әкелінген. Ағымдағы жылы ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы елімізге шетел селекциясының 14 000 бас ірі қара малының әкелінуі жоспарланып отыр. Жалпы алғанда, 2011-2012 жылдар аралығында репродукторлар құру шеңберінде республикаға 30 мың бас асыл тұқымды ірі қара мал әкелінген, оның 22,7 мың басы «ҚазАгро» ұлттық холдингінің қаражаты есебінен сатылып алынған. Фермер шаруашылықтарын дамыту бағдарламасы шеңберінде «ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниялар тобының қаржыландыруымен ауылдықтар 2011-2012 жылдары 115 мың бас аналық мал және 4,5 мың бас асыл тұқымды бұқалар сатып алған. 2013 жылы холдингтің көмегімен шаруашылықтар 20,3 бас ІҚМ және 1167 бас асыл тұқымды бұқалар сатып алды. 2011-2012 жылдар ішінде республикада жалпы қуаты 35,2 мың орындық мал бордақылау алаңдары құрылды, соның ішінде «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қаражаты есебінен 17,7 мың шаруашылықтар мен агроқұрылымдардың меншікті өз қаражаттары есебінен 17,5 мың мал бордақылау орындары құрылған.

Вернуться к списку
;