8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Анонс. БАҚ үшін 2013 жылғы 11 маусымда Ақмола облысындағы асыл тұқымды шаруашылыққа баспасөз-туры

Анонс. БАҚ үшін 2013 жылғы 11 маусымда Ақмола облысындағы асыл тұқымды шаруашылыққа  баспасөз-туры 10.06.2013 2011 жылы республикада асыл тұқымды шаруашылықтар (репродукторлар) желісінің құрылуын тұспалдайтын «ҚазАгро» ұлттық холдингінің инвестициялық бағыты шеңберінде Солтүстік Дакота штатынан (АҚШ) Ангус тұқымының 443 бас ІҚМ сатылып алынды. Асыл тұқымды малдар Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Шалқар ауылында (Астана қаласынан 70 шақырым жерде) орналасқан «Шалқар» ЖШС фермасына орналастырылды. 2013 жылдың басынан бастап-ақ асыл тұқымды шаруашылық алғашқы төлді де ала бастаған. Бүгінгі таңда 140 еркек бұзау туды, жақын арада осыншама төл тағы да тумақшы. Шаруашылық басшысы Қамзибаев Дулаттың айтуынша, 2013 жылы іріктеліп алынған Ангус тұқымының 340 бұзауы туып, асыл тұқымды малдың басы екі есеге көбеймекші. «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2011 жылдан бастап, «ҚазАгро» ұлттық компаниясының еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы елімізге шетел селекциясының 16 000 бас ірі қара малы әкелінді. Асыл тұқымды мал Қазақстанның аумағында мал санын әрі қарай өсіру мақсатында сатылып алынуда. БАҚ назарына: 11 маусымда (сейсенбіде) республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері үшін Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Шалқар ауылында (Астанадан 70 шақырым жерде) орналасқан «Шалқар» ЖШС асыл тұқымды шаруашылығына баспасөз-туры өтеді. Іс-шара «Шалқар» ЖШС және «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілдерінің қатысуымен өтпекші. Журналистердің жиналып, объектіге аттануы сағат 10.00-да Ауыл шаруашылығы министрлігі ғимаратының алдында, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, Tоyota микроавтобусымен барады. Сапардың жоспары: - Жайылымға (жайлауға) бару, асыл тұқымды малдарды, репродуктор-шаруашылықты, төлдерді, ІҚМ күтіп-бағылу жағдайын көрсету. Тақырыптары: - Республикада асыл тұқымды шаруашылықтардың (репродукторлардың) желісін құру бойынша бағытты дамыту мәселелері. - Қазақстанның аумағында шетелден әкелінген малдарды күтіп-бағу жағдайлары мен олардың денсаулығы жөніндегі мәселелер. - Қазақстанның АӨК-гі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелері. - Республикалық мәндегі қалалардың маңында азық-түлік белдеуін дамыту мәселелері. Қатысуларыңызды 2013 жылғы 10 маусымда (дүйсенбі) сағат 16.00 дейін растауларыңызды сұраймыз. Сұрақтар және Тіркелу: Әлия Исенова, "ҚазАгроҚаржы" АҚ баспасөз хатшысы. Астана қ., (7172) 580411, (ішкі 504) 8-702-218-67-17a.issenova@kaf.kz Ринат Тасболатов, «ҚазАгро» ҰБХ баспасөз хатшысы. Астана қ., тел: (7172) 56 34 58 Ұялы.: +7 701 460 91 82; e-mail: R.Tasbulatov@kazagro.kz

Вернуться к списку
;