8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Ағымдағы жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы елімізге шетелдік селекцияның 14 000 бас ірі қара малының әкелінуі жоспарланып отыр

Ағымдағы жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы елімізге шетелдік селекцияның 14 000 бас ірі қара малының әкелінуі жоспарланып отыр 05.06.2013 Бүгінгі таңда «Асыл тұқымды шаруашылықтардың (репродукторлардың) желісін құру» инвестициялық бағыты шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ шетелден 9 809 мал әкелуге мақұлдады. Қазір «Асыл тұқымды шаруашылықтардың (репродукторлардың) желісін құру» инвестициялық жобасы шеңберінде мал сатып алуға бүкіл республика бойынша 38 агроқұрылым өтінім тапсырды. Оның 22 шаруашылығы іріктеліп алынған 9 809 бас мал әкелуге ендігі мақұлдау алған, таяу арада 5 657 бас ІҚМ әкелуге тағы да 16 жоба өз кезегін күтіп тұр. Бүгінгі таңда «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2011-2012 жылдар ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ елімізге 16 087 ірі қара малдың әкелінуін қамтамасыз етті. Барлығы 2011 жыл ішінде ангус, герефорд, шароле және басқа да тұқымдардың 5 321 бас ІҚМ, 2012 жылы тағы да 10 766 бас асыл тұқымды малдары әкелінген. Жалпы «ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниясы тобының қаржыландыруымен фермерлік шаруашылықтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде 2011-2012 жылдар аралығында ауыл тұрғындары 115 мың аналық ІҚМ басын және 4,5 мың бас асыл тұқымды аталық бұқаларды сатып алды. 2013 жылы Холдингтің қолдауымен шаруашылықтар 20,3 мың ІҚМ басын және 1167 бас асыл тұқымды аталық бұқаларды сатып алды. 2011-2012 жылдары республикада 35,2 мың бордақылау орындары құрылды, соның ішінде «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қаражаты есебінен 17,7 мың бордақылау орындары, шаруашылықтар мен агроқұрылымдардың меншікті қаражаты есебінен - 17,5 мың бордақылау орындары құрылды. Осы кезеңдер ішінде репродукторлар құру шеңберінде республикаға 30 мың бас асыл тұқымды ірі қара мал әкелінді, оның 22,7 мың басы «ҚазАгро» холдингінің қаражаты есебінен сатып алынды. Бәрімізге мәлім, Елбасы Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің алдына етті мал шаруашылығын белсенді түрде дамытуға байланысты міндет қойды. Еліміздің Президенті айтып кеткендей, республикада тұқымы нашар өнімділігі төмен мал басын азайтып, асыл тұқымды малдарды өсірумен айналысатын уақыт келді. Аталмыш Бағдарлама шеңберінде елімізге барлығы 72 000 бас асыл тұқымды мал әкелу жоспарлануда, бұл ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Естеріңізге сала кетейін, «ҚазАгроҚаржы» АҚ еліміздің ауыл шаруашылығында ірі-тауарлы сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерінің, мал бордақылау алаңдарының, етті қайта өңдеу кешендерінің, асыл тұқымды шаруашылық (репродукторлардың), сойыс пункттерінің желілерін құруға байланысты инвестициялық бағыттардың операторы болып табылады. Бұдан басқа, компания жемшөп өндірісіне, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымын дамыту және оны терең қайта өңдеуге, астық қоймаларын тұрғызу мен модернизациялауға, тамшылатып суару технологиясын енгізуге, биязы жүн өндіру мен қайта өңдеуді дамытуға байланысты жобаларды қаржыландырады.

Вернуться к списку
;