8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

ЭКСАР РЕСЕЙДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫН ҚАЗАҚСТАНҒА ӘКЕЛУ БОЙЫНША ТӘУЕКЕЛДІКТЕРДІ ЖАБАДЫ

ЭКСАР РЕСЕЙДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫН ҚАЗАҚСТАНҒА ӘКЕЛУ БОЙЫНША ТӘУЕКЕЛДІКТЕРДІ ЖАБАДЫ 30.05.2013 Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі ресейлік агенттігі (ЭКСАР) және «Россельхозбанк» ААҚ Ростсельмаш компаниясының Қазақстанға техника жеткізуіне экспорттық несиені сақтандыру туралы келісім жасасты. Жобаның шеңберінде таяу айларда Қазақстанға одан әрі Қазақстан аумағында құрастырылатын бірнеше жүз машина комплектілері, астық жинайтын комбайндар әкелінетін болады. Сатып алушысы Қазақстан Республикасының аграрлық кәсіпорындарына қаржылық және лизингтік қызмет көрсететін мемлекеттік қаржы-инвестициялық компаниясы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ болмақ. Мәміле талаптарына сәйкес, ЭКСАР Россельхозбанктің несиесін сақтандыру өтеуді ұсынады. Несиені банк «ҚазАгроҚаржы» АҚ компаниясына аккредитив нысанында Ростсельмаш өндірісінің VERSATILE дөңгелекті тракторларының ақысын төлеу мақсатында төлем мерзімін ұзартып берген. Қол қойылған екі жақты келісімге сәйкес, несиелендіру және сақтандыру мерзімі бес жылды құрайды. ЭКСАР мен Россельхозбанк алғашқы рет бір уақытта несие бойынша тәуекелдіктерді сақтандыра отырып, Ресейдің ауыл шаруашылығы техникасының сатып алушысын ұзақ мерзімді несиелендіру жобасын іске асырды. Жоба Қазақстанға ғана емес, сондай-ақ, басқа да серіктес-елдерге Ресейдің ауыл шаруашылығы техникаларының экспортын қаржыландыру саласында Банк пен Агенттіктің өзара қарым-қатынастарының дамуына әсерін тигізбек. «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі ресейлік агенттігі ААҚ (ЭКСАР) 2011 жылғы қазан айында құрылған. ЭКСАРдың мақсаты – экспорттық несиелер бойынша кәсіпкерлік және саяси тәуекелдіктерді сақтандыру арқылы ресейлік экспортты қолдау, сонымен қатар, ресейлік инвестицияларды шетелде саяси тәуекелдіктерден сақтандыру. ЭКСАР жалғыз акционері – «Даму және сыртқы экономикалық қызмет банкі» мемлекеттік корпорациясы (Сыртқыэкономбанк). Агенттіктің жарғылық капиталы – 30 млрд. рубль. «Россельхозбанк» ААҚ – Ресейдегі ең ірі банктердің бірі. 2000 жылы Ресей Федерациясының агроөнеркәсіптік секторының және ауылдық аумақтарының ұлттық несие-қаржы жүйесін дамыту мақсатында құрылған банк бүгінде бүкіл банк қызметтерін көрсететін және Ресейдің агроөнеркәсіптік кешенін қаржыландыруда жетекші орын алатын әмбебап коммерциялық банк болды. Банк акцияларының 100% мемлекет меншігінде. Ростсельмаш компаниясы ауыл шаруашылығы техникаларының ең ірі дүние жүзілік өндірушілерінің бестігіне кіреді. Құрамында 13 кәсіпорын бар, өндірістік алаңдары Канадада, Ресейде, АҚШта, Украинада және Қазақстанда орналасқан. Ростсельмаштың өнім желісін ауыл шаруашылығы техникаларының 24 түрі құрайды, 150 артық моделдері мен модификациялары бар. Дүние жүзінің 26 елі Ростсельмаштың техникасын таңдайды. Бүкіл әлемге тармақталған дилерлік желісі жедел сервистік қамтамасыз етуді кепілдендіреді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ – ұлттық агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудағы қаржы операторы. Қазақстан Республикасы Үкіметімен 1999 жылы құрылған компания ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сонымен қатар, лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық жабдықтарға деген қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Вернуться к списку
;