8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Қазақстанның АӨК жобаларына миллиард доллар

Қазақстанның АӨК жобаларына миллиард доллар                                   26.05.2013 «ҚазАгро» ұлттық холдингінің еурооблигацияларын шығару нәтижесінде Қазақстанның аграрлық секторына тартылған 1 млрд. АҚШ доллары, инвестициялық құраушылардан басқа екі маңызды мағынаға ие. Біріншіден, тиімді мәміле Қазақстанның ауыл шаруашылығына батыстың ірі инвесторларының назарын аударды. Алғаш рет республиканың аграрлық секторының компаниысын тәуелсіз деңгейінде бағалады және саланы қаражат салу үшін перспективалық деп таныды. Бұдан басқа, холдингтің халықаралық облигацияларының шығарылымы аграрлық бизнеске өзінің қаржыландыру көздерін әртараптандыруға қосымша мүмкіндік береді. Бұл туралы 1 млрд.АҚШ доллары сомасына холдингтің еурооблигациясын дебюттік орналастыруына түсінік беру кезінде «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Дулат Айтжанов айтты. Аталмыш мәміле қағаз айналымының осындай ұзақ мерзіміне қазақстандық эмитенттің құны жағынан рекордтық төмен дебюттік борышқорлық шығарылымын белгілеп берді. ҚазАгроның бұл орналастыруы республиканың қаржы, мұнай және газ, энергетикалық және металлургиялық секторларынан емес, тарихта алғашқы рет Қазақстаннан шыққан шығарылым болып табылады, бұл экономиканың ауыл шаруашылығы және тамақ салаларының өзге де әлеуетті эмитенттерінің келешегін ашпақ. Орналастырудан түскен қаражат «2020» Агроөнеркәсіптік даму бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді басым жобаларды іске асыруға жұмсалатын болады. Бұрын айтылғандай, мерзімі 10 жылға, жылдық 4,625% ставка бойынша сомасы 1 млрд. АҚШ долларына «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еурооблигация шығарылымын дебютті орналастыру өтті.Шығарылымның баға параметрлері 17 мамырда жарияланған және институционалдық инвесторлар арасында айтарлықтай қызығушылық туғызды.Тапсырыстардың мәрелік кітабы 200 астам инвестордан 3,3 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл ҚазАгро компаниясының соңғы айлардағы айтарлықтай құжаттамалық және маркетингілік дайындық жұмыстарының тікелей нәтижесі болып табылады. Транзакция сол күннің 4,625% баға диапазонында жабылған болатын. Мамыр айының орта шенінде ҚазАгро АҚШ-тағы, Ұлыбританиядағы және Алматыдағы дүниежүзілік негізгі институционалдық инвесторлармен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулердің нәтижесінде ҚазАгроның несие сапасы туралы позитивті ой-пікірлер алынды, бұл жағдай, қазіргі қалыптасқан нарықтық жағдайды ескере келсек, орналастыру өткізуді тездетуге мүмкіндік берді. Аймақ бойынша инвесторлар базасын бөлу статистикасы: Ұлыбритания: 35% АҚШ: 33% Қазақстан: 13% Континентальдық Еуропа: 15% Басқалар: 4% Мәміленің негізгі талаптары: Эмитент: «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Шығарылым рейтингтері: BBB+ (тұрақты болжам) / BBB (тұрақты болжам) Берешек түрі: пұрсатты қамтамасыз етілмеген Шығарылым пішімі: Reg S/ 144A Өтеу мерзімі: 24 мамыр 2023ж. Есеп айырысу күні: 24 мамыр 2013ж. (Т+5) Шығарылым көлемі: 1,000 млн. АҚШ долл. Купон: 4,625% Орналастыру бағасы: 100,00% Листинг: Ирландия және Қазақстанқор биржалары «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің құрамына енетін компаниялардың инвестициялық активтерінің тиімді басқарылуын қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтің құрамына «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроГарант» АҚ және «ҚазАгроМаркетинг» АҚ енеді. ________________________________________________________________ «ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз хатшысы Ринат Тасболатов +7 701 460 91 82, R.Tasbulatov@kazagro.kz тел: (7172) 70-56-39, www.kazagro.kz

Вернуться к списку
;