8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

ҚазАгроҚаржы Оңтүстік Қазақстанда ашық есік күнін өткізеді

ҚазАгроҚаржы Оңтүстік  Қазақстанда ашық есік күнін өткізеді 22.05.2013 «ҚазАгроҚаржы» АҚ республикалық ашық есік күні шеңберінде компанияның көшпелі жұмыс тобы мамыр айының 22-23 жұлдыздарында Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесіп, баспасөз мәслихаты барысында журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді. «Ашық есік күні» деп аталған іс-шара облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің арасында үлкен қызығушылық тудырды. Кездесуге Оңтүстік Қазақстан облысының ең шалғайдағы аймақтарынан аграрийлер келіп жетті. Тек алғашқы күннің өзінде-ақ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ әр түрлі мәселелер жөніндегі сарапшылары (заңгерлер, бухгалтерлер, қаржыгерлер, несие әкімгерлері және т.б.) аймақтың ондаған фермерлеріне кеңес берді. Оларды қызықтыратын негізгі мәселелер – көктемгі-дала жұмыстары шеңберіндегі «ҚазАгроҚаржы» АҚ несиелендіру талаптары, техникаға субсидиялау ставкасының төмендеуі, несие уақытын ұзарту талаптары, қаржыландыруға тапсырылған өтінімдерді қарау мерзімдері, шетелден техника әкелу ерекшеліктері және компанияның 14 инвестициялық бағыт бойынша жалпы қаржыландыру талаптары. Сонымен бірге, 2013 жылғы 22 мамырда «Ашық есік күнін» өткізу барысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ басшылығы - «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Жаниязов Бауыржан Лепесұлының, Басқарушы директор Зәуреш Шокуманованың, Басқарма Төрағасының мал шаруашылығы жөніндегі кеңесшісі Асылбек Қожұмратовтың және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Павел Княжевтің тұлғасында баспасөз мәслихатын өткізіп, компанияның тек инвестициялық жобалары мен қаржыландыру талаптарына қатысты сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, сонымен бірге, аймақтың проблемалық мәселелері бойынша да өздерінің түсініктемелерін берді. Осындай форматтағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ ашық есік күні» таяу арада республиканың барлық аграрлық аймақтарында өтетін болады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ жұмыс тобы бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында ендігі болып та қайтқан. Жұмыс тобының ендігі жол жүру бағытындағы тұрған міндет - Тараздың, Талдықорған мен Қарағандының аграрийлерімен кездесу. Іс-шара қаржыландырудың кез келген мәселелері бойынша, сондай-ақ, Компанияның ғана емес, жалпы, ауылдағы жаңа өндірістердің де жобаларын іске асыру мәселелері бойынша әрбір тілек білдіруші фермерге кеңес беру түрінде өтпек. Консультациялық топтың құрамына «ҚазАгроҚаржы» АҚ сарапшыларынан басқа, облыс әкімдігінің өкілдері, сонымен қатар, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партияның және қалалық Мәслихаттың өкілдері де енді.

Вернуться к списку
;