8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

"ҚазАгроҚаржы" АҚ 15.05.13.ж. Ақтөбеде өтетін баспасөз мәслихаты

"ҚазАгроҚаржы" АҚ 15.05.13.ж. Ақтөбеде өтетін баспасөз мәслихаты 14.05.2013 «ҚазАгроҚаржы» АҚ отандық ауыл шаруашылығының тауар өндірушілеріне консультациялық және ақпараттық қолдау көрсету мақсатында, Қазақстанның ең ірі агроөнеркәсіптік аймақтарында «ҚазАгроҚаржы» АҚ ашық есік күні» көшпелі іс-шарасын жүргізуде. Ақтөбе облысы, республиканың ең ірі агроөнеркәсіптік аймағы ретінде, Астанадан республиканың барлық аймақтарына «ҚазАгроҚаржы» АҚ жұмыс тобының жол бағытындағы тұрған алғашқылардың бірі болып табылады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ ашық есік күні» облыстың әрбір тілек білдіруші фермеріне Компанияның жобаларымен қатар, жалпы ауыл өндірістерінің жаңа жобаларын қаржыландыру мен іске асырудың кез келген мәселелері бойынша кеңес беру түрінде өтеді деп жоспарлануда. Консультациялық топқа облыс әкімдігінің өкілдерінен басқа, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партияның, қалалық мәслихаттың өкілдері, «ҚазАгроҚаржы» АҚ басшылығы, сондай-ақ, компанияның әр түрлі мәселелер жөніндегі сарапшылары (заңгерлер, бухгалтерлер, қаржыгерлер, несие әкімгерлері және т.б.) кіреді. Ауыл шаруашылығының тауар өндірушілерімен кездесу өтетін күн және жер: 2013 жылғы 17 мамырда, Облыс әкімдігінің ғимараты, 3 қабат, 301 кабинет. БАҚ үшін ақпарат: Сіздерді өз аймағыңыздың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің, «ҚазАгроҚаржы» АҚ басшылығы мен жетекші мамандарының қатысуымен өтетін баспасөз мәслихатына шақырамыз. Баспасөз мәслихаты Ақтөбе қаласында, сағат 11.00 өтеді, 2013 жылғы 17 мамырда, Облыс әкімдігінің ғимараты, 3 қабат, 301 кабинет. «ҚазАгроҚаржы» АҚ басшылығы мен мамандары компанияның тек қана инвестициялық жобаларына және қаржыландыру талаптарына қатысты сұрақтарға ғана емес, сондай-ақ, Сіздің аймақтағы көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық барысына, Ақтөбе облысының АӨК қаржы салуға, проценттік ставканың төмендеуіне, субсидиялау талаптарына және несиенің мерзімін ұзартуға, шетелден техника әкелу ерекшеліктеріне, техникаға салық салу ерекшеліктеріне, асыл тұқымды мал әкелу жөніндегі жағдайға, мал ауруларына, «ҚазАгроҚаржы» АҚ жаңа инвестициялық бағыттарына қатысты Сізді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап беруге, статистикалық деректер мен өзге де мәселелер бойынша пікір бөлісуге әзір.

Вернуться к списку
;