8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Акция - «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ашық есік күнін өткізіп, еліміздің фермерлерімен бетпе-бет кездеспекші.

 Акция - «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ашық есік күнін өткізіп, еліміздің фермерлерімен бетпе-бет кездеспекші. 02.05.2013 «ҚазАгроҚаржы» АҚ республикалық ашық есік күні шеңберінде компанияның көшпелі жұмыс тобы Қазақстанның үш ірі астық егетін аймақтарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесуді ендігі өткізіп те қойған. «ҚазАгроҚаржы» АҚ әр түрлі мәселелер жөніндегі сарапшылары (заңгерлер, бухгалтерлер, қаржыгерлер, несие әкімгерлері және т.б.) Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарының жүздеген фермерлеріне кеңес берді. «Ашық есік күні» деп аталған іс-шара еліміздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арасында үлкен қызығушылық тудырды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілдерімен кездесуге еліміздің ең шалғайда орналасқан аймақтарынан аграрилер келіп жатыр. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қызықтыратын негізгі мәселелер – көктемгі-егіс жұмыстары шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ несиелендіруі, техникаға арналған субсидиялау ставкасының төмендетілуі, несие уақытын ұзарту талаптары, қаржыландыруға өтінімдерді қарау мерзімі, шетелден ірі қара мал мен техника әкелу ерекшеліктері, сондай-ақ, 14 инвестициялық бағыт бойынша компанияның қаржыландыру талаптары. «ҚазАгроҚаржы» АҚ ашық есік күні» осындай форматта таяуда республиканың барлық аймақтарында өтпекші. Жұмыс тобының ендігі жол жүру бағыты Қарағанды облысының (14-15 мамырда), Қызылорда облысының (21 мамырда) және Оңтүстік Қазақстан облысының (Шымкент – 22-23 мамырда, Тараз – 24 мамырда) аграрилерімен кездесу. Іс-шара қаржыландырудың кез келген мәселелері бойынша, сондай-ақ, Компанияның ғана емес, жалпы ауылдағы жаңа өндірістердің де жобаларын іске асыру мәселелері бойынша әрбір тілек білдіруші фермерге кеңес беру түрінде өтпек. Консультациялық топтың құрамына «ҚазАгроҚаржы» АҚ сарапшыларынан басқа, облыс әкімдігінің өкілдері, сонымен қатар «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партия мен қалалық Мәслихат өкілдері де кірді.

Вернуться к списку
;