8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

ҚазАгроҚаржы Солтүстік Қазақстанда ашық есік күнін өткізеді

ҚазАгроҚаржы Солтүстік Қазақстанда ашық есік күнін өткізеді 22.04.2013 «ҚазАгроҚаржы» АҚ Республикалық ашық есік күні шеңберінде компанияның көшпелі жұмыс тобы Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізіп, СҚО-дағы малдардың сойылысы жөнінде журналистердің сұрақтарына жауап берді. «Ашық есік күні» деген атаумен жүргізіліп отырған іс-шара облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арасында қызығушылық тудырды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілдерімен кездесуге Солтүстік Қазақстан облысының ең шалғайдағы аймақтарының аграрийлері жиналды. Алғашқы күннің өзінде-ақ әр түрлі мәселелер жөніндегі «ҚазАгроҚаржы» АҚ сарапшылары (заңгерлер, бухгалтерлер, қаржыгерлер, несие әкімгерлері және басқалар) аймақтың жетпістен артық фермерлеріне кеңес берді. Негізгі қызықтыратын мәселелер – көктемгі-егіс жұмыстары шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ несиелендіруі, техникаға субсидиялау ставкасының төмендеуі, несиелердің уақытын созу талаптары, қаржыландыруға өтінім қарау мерзімдері, шетелден техника әкелу ерекшеліктері және компанияның 14 инвестициялық бағыт бойынша қаржыландыру талаптары. Бұдан басқа, 2013 жылғы 17 сәуірде «Ашық есік күнін» өткізу барысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ басшылығы – Басқарушы директоры Зәуреш Шокуманованың, Басқарма Төрағасының кеңесшісі Серғазы Исембаевтың, Басқарма Төрағасының мал шаруашылығы жөніндегі кеңесшісі Асылбек Қожұмратовтың және «ҚазАгроҚаржы» АҚ СҚО бойынша филиалының директоры Төлебай Меңдоразовтың тұлғаларында Погодин атындағы Драмалық театрдың ғимаратында (Петропавловс қ.) пресс-конференция өткізіп, компанияның инвестициялық жобалары мен қаржыландыру талаптарына қатысты сұрақтарға ғана жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар СҚО-дағы малдың сойысына байланысты оқиға жөнінде де комментарий берді. Аймақтың журналистері «Леонов» ШҚ және «Полтавское» ШҚ басшыларынан комментарий алды. Сөз реті келіп тұрғанда, айта кететін бір жайт - «Леонов» ШҚ «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы асыл тұқымды малдың жаңа партиясын сатып алуға құжаттар пакетін дайындау үстінде. «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ашық есік күні» таяу арада дәл осылай республиканың барлық астық себетін аймақтарында өтетін болады. Жұмыс тобының алдағы жоспары Көкшетаудың, Қостанайдың, Павлодар және Өскеменнің аграрийлерімен кездесу болмақ. Іс-шара облыстың әрбір тілек білдіруші фермеріне жобаларды қаржыландыру және оларды іске асыру мәселелері бойынша кеңес беру түрінде өтетін болады. Консультациялық топқа облыс әкімдігінің өкілдерінен басқа, тағы да «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының, қалалық мәслихаттың өкілдері де, сонымен қатар әр түрлі мәселелер жөніндегі «ҚазАгроҚаржы» АҚ сарапшылары (заңгерлер, бухгалтерлер, қаржыгерлер, несие әкімгерлері және басқалар) кірген. Мәлімет үшін: 2000-2010 жылдар ішінде компания Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешеніне шамамен 46, 5 млрд. теңге инвестициялады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ облыстың шаруашылық жүргізуші субъектілерін жалпы құны 31,3 млрд. теңгеге 3 мың бірлік техника сатып алуға қаржыландырды.

Вернуться к списку
;