8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

2013 жылдың көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізу үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы техникаларының лизингісіне арналған ставканы төмендетуі

2013 жылдың көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізу үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы техникаларының лизингісіне арналған ставканы төмендетуі 15.04.2013 Биылғы жылдың көктемгі-егіс жұмыстарына ауылдықтар жаңа техникаларды анағұрлым қолайлы талаптарда сатып алатын болады. «ҚазАгро» ұлттық холдингі құрылымындағы компания - «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамындағы ауыл шаруашылығы техникалары мен арнаулы техникалардың лизингі бойынша ставка, субсидиялануын ескере келгенде, жылдық 12,8% орнына 5,8% құрайды. Бүгінгі таңда 2013 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарды жүргізуге дайындық шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына 12 млрд. астам теңгеге 1 234 бірлік техника сатып алуға өтінім тапсырылды. Оның ішінде өтінім санына қарай Шығыс Қазақстан облысы (1,3 млрд.теңгеге 183 өтінім), Алматы облысы (706 млн. теңгеге 179 өтінім), Қостанай облысы (1, 35 млрд. теңгеге 140 өтінім), Солтүстік Қазақстан облысы (3 млрд.теңгеге 120 өтінім) және Ақмола облысы (2 млрд. теңгеге 110 өтінім) алдыңғы шепте тұр. Субсидиялау тәртібі бойынша, мемлекет ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жалпы қаржыландыру ставкасының 7% есесін қайыруға міндеттеніп отыр. 2013-2020 жылдарға арналған АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес (Агробизнес-2020 бағдарламасы шеңберінде), 2013 жылдан бастап, ауыл шаруашылығының тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдаудың жаңа бағыты кәсіпорындарды қаржылай сауықтыру болып табылады. Бұл шара «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамымен ауыл шаруашылығы техникасы және арнаулы техника лизингісіне жасалатын шарттар бойынша сыйақы ставкасының бөлігін субсидиялау арқылы жүзеге асырылатын болады. Субсидиялау мерзімі оны 7 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 жыл болмақ. Жалпы, 2013 жылдың көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізу шеңберінде және қазіргі сұранысты ескере келіп, «ҚазАгроҚаржы» АҚ 1000 бірліктен астам әр түрлі ауыл шаруашылығы техникалары мен оларға қажетті топырақ өңдейтін аспалы жабдықтар сатып алуды көздеп отыр. Қазақстандық өндірушілермен және техника жеткізушілерімен ғана емес, сондай-ақ, таяу және алыс шетелдердегі серіктестермен де тиісті шарттар жасасылды. Атап айтқанда, 2013 жылдың көктемгі-егіс жұмыстарына дайындалу барысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ «СемАЗ» ЖШС өндірілген отандық құрастыру өндірісінің 300 артық «Беларус» тракторын сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл отандық лизингтік компания мен Семейдің машина жасау кәсіпорыны арасындағы шартпен көзделген шама. Көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық шеңберінде барлығы 1 млрд. теңгеге «СемАЗ» зауытында өндірілген техникалардың лизингке табысталуы жоспарланып отыр. «ҚазАгроҚаржы» АҚ қызметінің негізгі мақсаттарының бірі ірі жер иеленушілерге ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын лизингке беру арқылы Қазақстан Республикасының машина және трактор паркін жаңарту болып табылады. Сөйтіп, бүкіл қызмет еткен кезеңі ішінде Қоғам жалпы сомасы 188, 0 млрд. теңгеге 21 мың бірліктен артық әр түрлі ауыл шаруашылығы техникалары мен қайта өңдеу жабдықтарын сатып алуға қаржыландырды. Естеріңізге сала кетейік, «ҚазАгро» ұлттық холдингі 2013 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарын қаржыландыруға 78,3 млрд. теңге жұмсамақшы. Бұдан басқа, 9,5 млрд. теңге көлеміндегі қаржы шаруашылықтардың қажетті техника сатып алуына лизинг механизмі арқылы қаржыландыруға бөлінетін болады. Қаражатты бөлу операторлары Холдингтің еншілес компаниялары – «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ, сондай-ақ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы лизингі болып табылады.

Вернуться к списку
;