8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Бірлескен құрастыру өндірісі - Қазақстандағы "Ростсельмаш" комбайн зауытының құрылысы

Бірлескен құрастыру өндірісі - Қазақстандағы "Ростсельмаш" комбайн зауытының құрылысы 11.04.2013 «Ростсельмаш» компаниясы мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ техника сатып алу саласында он жылдан астам уақыт ынтымақтасып жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда «Ростсельмаш» компаниясы Қазақстан аумағындағы ең ірі комбайн жеткізушілердің бірі болып саналады. Еліміздің астық жинайтын техникалар паркіндегі «Ростсельмаш» комбайндарының үлесі 42 % құрайды. 2012 жылдың астық жинау науқанына бұл ресейлік өндірушінің 20 000 бірліктен артық комбайндары қатысты. 2000 жылдан бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ кейін лизингке табыстау үшін, «Ростсельмаш» өндірісінің 2 900 бірлік техникасын сатып алды, бұл «Ростсельмаш» компаниясының Қазақстандағы сату саудасының 52 % құрайды. Ресейдің Ростов-на-Дону қаласындағы компанияның зауытына жұмыс бабындағы сапары барысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ басшылығы мен «Ростсельмаш» компаниясының өкілдері Тәжірибемен алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасасу болашағы туралы мәселені талқылады. Атап айтқанда, «ҚазАгроҚаржы» АҚ техникалық қызметкерлер құрамының сатып алатын техниканың номенклатурасы мен техникалық сипаттамалары туралы хабардарлығын арттыру үшін, «Ростсельмаш» зауытына бару мәселесі. Ал Ресей мамандары, өз алдына, «ҚазАгроҚаржы» АҚ техникалық департаментінің өкілдері үшін ғана емес, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы лизингі арқылы шетелдік өндірістің техникаларын сатып алатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін де ауыл шаруашылығы техникаларын техникалық қамтамасыз ету бойынша шебер-кластар өткізу мақсатында Қазақстанға келмекші. Дегенмен, визиттің басты мақсаты – біздің елдің аумағында «Вектор» комбайн зауытын бірлесіп тұрғызу болашағы туралы мәселелерді талқылау. Алдын ала жасалған деректер бойынша, аталмыш жобадағы қазақстандық құрамдас бөлігі 20 % асады, бұл дайын өнімнің құнын төмендетуге ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның Комбайндар паркін едәуір жаңартуға да мүмкіндік беретін болады. Сонымен бірге, сапар барысында қазақстандық делегация «Ростсельмаш» зауытының модельді техника қатарымен, техника шығаратын конвейермен, технологиялық қуаттарымен және зауыттың ауыл шаруашылығы машиналарын өндірудің жалпы технологияларымен танысты.

Вернуться к списку
;