8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгроҚаржы» АҚ басшылығы Эстония Республикасының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен келіссөз жүргізді

«ҚазАгроҚаржы» АҚ басшылығы Эстония Республикасының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен келіссөз жүргізді 08.04.2013 Эстония Республикасының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қазақстандық фермерлерді сүтті және етті мал шаруашылығы саласында ынтымақтастық орнатуға шақырады. Эстондық мал өсірушілердің негізгі қызмет бағыты – тауарлы-сүт фермаларын дамыту үшін сүтті мал тұқымдарының ірі қара малдарын өсіру, сонымен қатар, ет бағытындағы асыл тұқымды малдың экспортымен айналысу. Эстондық делегация өкілдерінің айтуынша, бүгінгі таңда Эстония шетелге, соның ішінде Қазақстанға да жыл сайын 5000 дейін ІҚМ жеткізіп отыруға әзір. «Бүгінгі таңда Эстония мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың, дәлдеп айтқанда, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың қарқындай түскенін атап кетуге болады. Өткен жылы сіздің елде біздің Ауыл шаруашылығы министріміз болып қайтты. Қазір Эстонияның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мал шаруашылығы саласы мен басқа да шаруашылық салаларында, сондай-ақ, инвестициялау бойынша «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамымен ынтымақтастық орнатуға мүдделі болып отыр», - деді «ESTI Kultuurfilm» эстондық а/ш компаниясының басшысы Юхан Ааре өзінің сөзінде. Кездесу барысында Эстонияның асыл тұқымды малдарының ерекшеліктері, мал бордақылау алаңдары үшін елге бұқалар әкелудің болашағы туралы мәселелер, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Эстонияның ауыл шаруашылығындағы несиелендірудің қаржы операторларымен ынтымақтастығы, сондай-ақ, Прибалтия аймағындағы елдерде аграрлық бизнес жүргізу ерекшеліктері туралы мәселелер талқыланды. 10 адамнан тұратын делегация құрамына Эстонияның ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының меншіктеушілерінен басқа, аграрлық бизнес жүргізу саласында консультация беретін компаниялар кіреді. Сонымен бірге, кездесуге Қазақстан Республикасындағы Эстон Республикасының төтенше және өкілетті Елшісі Яан Хейн, сондай-ақ, Эстон Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Миссия басшысының орынбасары Маргус Солнсон қатысты. «ҚазАгроҚаржы» АҚ - бүгінгі таңда ауылдағы ірі инвестициялық жобаларды дамыту саласындағы ең белгілі қаржы институттарының бірі. Эстония Республикасының Елшілігі тарапынан біз Эстония мен Қазақстанның ірі жер иеленушілері арасындағы екі жақты байланысты белсенді түрде жолға салуға әзірміз», деп мәлімдеді Қазақстан Республикасындағы Эстония Республикасы Елшілігінің Миссия басшысының орынбасары Маргус Солнсон.

Вернуться к списку
;