8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешеніне шамамен 63,4 млрд. теңге инвестициялады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешеніне шамамен 63,4 млрд. теңге инвестициялады. 02.04.2013 Бүгінгі таңда Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешеніне «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы шамамен 63,4 млрд. теңге инвестицияланды (2000-2013 жылдар). Барлығы 2000-2013 жылдар аралығындағы кезең ішінде қоғам Ақмола облысының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жалпы құны 45 млрд. теңгеге 5 525 бірлік ауыл шаруашылығына қажетті техника сатып алуына қаржыландырды. 2013 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге дайындалу шеңберінде Қоғамға құны 11, 3 млрд. теңгеге 1190 бірлік техника сатып алуға өтінім тапсырылған, соның ішінде Ақмола облысы бойынша құны 1,7 млрд. теңгеге 88 бірлік техника сатып алуға өтінім тапсырылды. «ІҚМ етінің экспорттық әлуетін дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2011-2012 жылдар ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақмола облысына шетелдік селекцияның 2 813 бас ІҚМ әкелді, соның ішінде 2011 жылы – 1 560 мал, 2012 жылы – 1253 мал. Бүгінгі таңда Ақмола облысындағы мақұлданған 16 инвестициялық жобаның ішінде құны 4,0 млрд. теңгеге 11 жоба іске асырылып, іске қосылды. Олардың ішінде жалпы алаңы 6,56 га екі жылыжай кешені, сыйымдылығы 13 000 тоннадан артық көкөніс сақтауға болатын үш өнеркәсіптік көкөніс қоймасы, 800 бас ІҚМ арналған тауарлы-сүт фермасы, сонымен қатар тамшылатып суару технологиясын қолданумен жемшөп өндірісін және көкөніс шаруашылығын дамыту бойынша жобалар. 2013 жылы облыста құны 772,7 млн. теңге тұратын тағы да 4 ірі жобаның іске қосылуы жоспарлануда. Аталмыш жобалар негізінен республиканың осы астық себетін аймағындағы стратегиялық объектілер ретінде астық қоймаларын тұрғызуға және оларды модернизациялауға бағытталған. Сонымен бірге, «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен облыста жемшөп өндірісін дамыту, сүтті қайта өңдеу, сонымен қатар, өндіріс көлемі тәулігіне 400 мың жұмыртқа шығаратын жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы бойынша жобалар іске қосылып, ойдағыдай жұмыс атқару үстінде. Жалпылай алғанда, бүкіл инвестициялық бағыттар бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің субъектілерін қаржыландыру талаптары: 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзіммен жылдық 4%-дан 6 %-ға дейін, 1 жылдан 3 жылға дейін негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі. Сонымен бірге, «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамымен ауыл шаруашылығы техникаларының және арнаулы техникалардың лизингісіне жасалатын шарттар бойынша сыйақы ставкасының бөлігін субсидиялау арқылы мемлекет ауыл шаруашылығының тауар өндірушілеріне жалпы қаржыландыру ставкасының 7% есесін қайыруға міндеттеніп отыр. Сөйтіп, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамында ауыл шаруашылығы техникалары мен арнаулы техникалардың лизингі бойынша ставка, субсидиялануын ескере келгенде, жылдық 12,8% орнына 5,8% құрайды. Субсидия берілу мерзімі оны 7 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 жыл болмақ.

Вернуться к списку
;