8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Бірлескен өндіріс саласында Украинаның машина жасаушыларымен ынтымақтастықтың болашағы

Бірлескен өндіріс саласында Украинаның машина жасаушыларымен ынтымақтастықтың болашағы 27.03.2013 «ҚазАгроҚаржы» АҚ басшылығы мен Украинаның «Машина жасаушылар және жұмыс берушілер лигасы» қауымдастығының өкілдері арасында өткен кездесу барысында ынтымақтастықтың болашағы және бірлескен өндірістерді жолға салу мәселелері талқыланды. Украинаның «Укрмашстрой» машина жасаушылар және жұмыс берушілер лигасы» қауымдастығының Кеңес Төрағасы Владимир Саченко басқарған делегация «ҚазАгроҚаржы» АҚ басшылығымен украиналық өндірістің ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін, сондай-ақ, біздің елдің аумағында ауыл шаруашылығы техникалары мен арнаулы жабдықтар өндіру бойынша бірлескен кәсіпорындар құрудың болашағы туралы мәселені талқылады. Кездесуге Украинаның комбайн жасайтын және трактор жасайтын 13 ең ірі кәсіпорындарының өкілдері, топырақ өңдеу және егіс техникаларын жасайтын зауыттардың өкілдері, ауыл шаруашылығы мақсаттарына арналған техникаларды жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету және сервис құралдарын өндіретін кәсіпорындардың өкілдері келді. Бүгінгі таңда бірлескен кәсіпорындар ашуға Украинаның 10 ең ірі машина жасау кәсіпорындары әзір. Олардың арасында трактор жасап шығаруға мамандандырылған «Харьковский тракторный завод» ААҚ, тіркемелер, топырақ өңдейтін және қызылша жинайтын техникалар шығаратын «Уманьферммаш» ААҚ, тыңайтқыш салатын агрегаттар шығаруға мамандандырылған «Хмельниксельмаш» ААҚ, сонымен қатар әр түрлі ауыл шаруашылығы мақсаттарына арналған техникалар мен астықты қайта өңдеу жабдықтарын шығаратын басқа да ірі кәсіпорындар бар. Сонымен бірге, кездесу барысында отандық және украиналық мамандар мен фермерлерді оқытып-үйрету және тәжірибемен алмасу саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Кездесу бастамашысы Украина тарапы болды: «Біз өзара ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз. Біздің ойымызша, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы машина жасау кәсіпорындарының тұтас бір желісін дамытуға жақсы бастау бере алатындай еліміздегі ең ірі қаржы институты болып табылады. Бұл сіздің елдің тұтас машина-трактор паркін айтарлықтай ұлғайтуға түрткі бере алады», - деп айтып өтті Украинаның «Укрмашстрой» машина жасаушылар және жұмыс берушілер лигасы» қауымдастығының Кеңес Төрағасының орынбасары Наталия Сущенко. Мәлімет үшін, «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2000-2012 жылдар арасындағы кезең ішінде Украинаның өндірушілерімен және жеткізушілерімен бірлесе отырып, жалпы құны 9 383,1 млн. теңгеге 1,3 мың бірлік әр түрлі ауыл шаруашылығы, арнаулы техникалар, сондай-ақ, технологиялық және қайта өңдеу жабдықтарын сатып алды. Жалпы ауыл шаруашылығы және арнаулы техникалар жеткізу көлеміндегі айтарлықтай үлес салмақты Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі белгілі «Агро-Союз» корпорациясы, «Харьковский тракторный завод» ААҚ, «ПО «Техна» ЖШҚ сияқты зауыттар алады. Сарапшылар айтып кеткендей, бүгінгі таңда Украина өндірісінің техникалары техника нарығында «баға – сапа» ара қатынасында жетекші орын алады.

Вернуться к списку
;