8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

2013 жылдың көктемгі-егіс жұмыстарына отандық өндіріс техникаларын сатып алу

2013 жылдың көктемгі-егіс жұмыстарына отандық өндіріс техникаларын сатып алу 24.03.2013 2013 жылдың көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық барысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ «АгромашХолдинг» қазақстандық кәсіпорынынан отандық өндірістің тұқым сепкіштер жиынын сатып алып, ауыл шаруашылығының тауар өндірушілеріне лизингке табыстауды жоспарлап отыр. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы бірқатар жылдан бері ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алып, оларды кейін лизингке табыстау бөлігінде «АгромашХолдинг» акционерлік қоғамымен ынтымақтастасып жұмыс істеп келеді. 2010 жылдан бастап, көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ «АгромашХолдинг» акционерлік қоғамынан барлығы 198 бірлік тұқым сепкіш сатып алған. Соның ішінде 2012 жылдың егіс науқаны шеңберінде жалпы құны 54 млн. 867 мың теңгеге «АгромашХолдинг» АҚ өндірісінің 57 тұқым сепкішін (2011 жылы – 93 тұқым сепкіш, 2010 жылы – 48 тұқым сепкіш) сатып алып, лизингке табыстаған. Ағымдағы жылы отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өтінімдері негізінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ аталмыш тұқым сепкіштерді тиісті көлемде сатып алмақшы болып отыр. Бүгінгі таңда егіс науқанына арналған техника ерекше сұраныста. Көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына республиканың агроқұрылымдарынан жалпы құны 10 млрд. астам теңге тұратын ауыл шаруашылығы мақсатындағы техникалар мен оларға қажетті аспалы топырақ өңдейтін жабдықтар сатып алуға 1094 өтінім келіп түсті. Тиісті шарттар қазақстандық өндірушілермен және ауыл шаруашылығы техникаларын жеткізушілермен ғана емес, сонымен қатар таяу және алыс шетелдердегі серіктестермен де жасасылды. Ағымдағы жылы енгізілген субсидиялау тәртібіне сәйкес, АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекет ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жалпы қаржыландыру ставкасының 7% есесін қайыруға міндеттеніп отырғанын айта кеткен жөн. Сөйтіп, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамындағы ауыл шаруашылығы техникаларының және арнаулы техникалардың лизингі бойынша ставканың мөлшері субсидиялануын бірге есепке алғанда, жылдық 12,8% орнына 5,8% құрайды. Субсидия берілу мерзімі оны 7 жылға дейін мерзімін ұзарту мүмкіндігімен - 3 жыл. Мәлімет үшін, 2007-2012 жылдар ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ лизингке табыстау үшін, «АгромашХолдинг» АҚ өнеркәсіптік кәсіпорынынан 1 000 жуық әр түрлі ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды. Ағымдағы жылы «АгромашХолдинг» АҚ 600 бірлік астық жинайтын және жемшөп жинайтын комбайн жасап шығармақ жоспары бар, оның 200 астамы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы сатылмақшы.

Вернуться к списку
;