8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Солтүстік Қазақстан облысындағы бірінші аукционда құны 12 млн. теңгеден астам сомаға таңдаулы "Абердин-Ангус" тұқымының 18 еркек тайыншасы сатылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы бірінші аукционда құны 12 млн. теңгеден астам сомаға таңдаулы "Абердин-Ангус"  тұқымының 18 еркек тайыншасы сатылды 20.03.2013 Солтүстік Қазақстандағы «Мамбетов и К» коммандиттік серіктестігінің асыл тұқымды бұқаларын сату бойынша бірінші аукционға бастапқыда Америкадан «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы әкелінген «Абердин-ангус» тұқымының сиырларынан алынған тірідей салмағы 400-ден 500 дейін баратын «Абердин-Ангус» тұқымының бір жастағы 30 бұқасы қойылған болатын. Аукцион Солтүстік Қазақстан облысының Минкесер Мамлют ауылындағы «Мамбетов и К» шаруашылығы негізінде ағылшын әдісімен, яғни бағаны көтеруге өткізілген. Әр малдың старттық бағасы жекелеген түрде белгіленді, дегенмен сатушылар тірідей салмақтың 1 килограммы үшін 1300 теңге деп белгіленген бағаға нысаналанғанды, бұл ретте малдың салмағы 400 кг-нан 500 кг дейін болды. Аукцион өткізу барысында кейбір бұқалардың құны екі есе көтерілді. «Цыган» атты бұқаның старттық құны 640 мың теңге болса да, 1,2 млн. теңгеге бірден өтіп кетті, екінші тұқым өкілі старттық құны 560 мың теңге болса да, 1 млн. 80 мың теңгеге сатылды. Аукционға Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының 13 ірі агроқұрылымы, сондай-ақ, 30 шақты аукцион қонақтары мен БАҚ өкілдері қатысты. «Біздің фермерлеріміз әлі аукционға үйренген жоқ, көпшілігіне мұндай сатып алу әдісі жаңалық болды, кейбіреуі тек көруге ғана келіп жатты. Алайда, нәтижесіне ризамыз. Қалған 12 бұқаның әлуетті сатып алушылары ендігі бар, олар асыл тұқымды малды «классикалық» әдіспен сатып алуға ниет білдірді. Келесі аукционды бір жылдан кейін өткізбек ойымыз бар. Асыл тұқымды малдардың жаңа туған төлдерін қоямыз. Келесі жылы бұдан да ауқымдырақ ақпараттық науқан өткізуге тырысамыз, біздің бұқаларымыз бүкіл Қазақстанға тараса екен дейміз» - деді шаруашылықтың басшысы Еркебұлан Мамбетов. «Бүгінгі таңда біз мал шаруашылығы саласындағы маңызды жобаның ойдағыдай іске асырылуына куәгер болып отырмыз: тек жай ғана асыл тұқымды мал сатылып отырған жоқ, генетика сатылып отыр. Сауда-саттыққа ұсынылған барлық малдардың индекстік бағалары жоғары», - деп айтып кетті аукционның ашылу рәсімінде сейсенбі күні СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Димаш Таласбаев, - деп хабарлады «ҚазТаг» Ақпараттық Агенттігі. Мәлімет үшін, «Мамбетов и компания» КС іске қосылуы «Асыл тұқымды шаруашылықтар (репродукторлар) желісін құру» инвестициялық бағыты шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамымен қаржыландырылған болатын. 2012 жылы шаруашылық лизингке АҚШ-тан әкелінген Ангус тұқымының 198 бойдақ малын сатып алды. Бүгінде «Мамбетов и К» коммандиттік серіктестігі асыл тұқымды репродуктор мәртебесіне ие болып отыр. Аталмыш шаруашылықтағы асыл тұқымды малдың саны 360 асады.

Вернуться к списку
;