8 (7172) 55-77-55

Call-center

Kz Ru En

Отандық құрастыру өндірісінің 2013 жылғы егіс науқанына арналған техникалары.

Отандық құрастыру өндірісінің 2013 жылғы егіс науқанына арналған техникалары.                                                     12.03.2013 Бүгінгі таңда егіс науқанына қажетті техника аса сұраныста болып отыр. Көктемгі егіс жұмыстарына дайындалу шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына жалпы құны 9,5 млрд. теңге тұратын ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке сатып алуға республиканың агроқұрылымдарынан 970 өтінім келіп түсті. Жалпы алғанда, 2013 жылғы ауыл шаруашылығы іс-шаралары шеңберінде және қазіргі сұранысты ескере отырып, «ҚазАгроҚаржы» АҚ 1000 бірлікке жуық әр түрлі ауыл шаруашылығы техникалары мен оларға қажетті аспалы топырақ өңдейтін жабдықтар сатып алмақшы. Тиісті шарттар қазақстандық өндірушілермен де, ауыл шаруашылығы техникаларының жеткізушілерімен де, сондай-ақ, таяу және алыс шетелдердегі серіктестермен де жасалған. Ағымдағы жылы енгізілген субсидиялау тәртібіне сәйкес, АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекет ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жалпы қаржыландыру ставкасының 7% есесін қайыруға міндеттеніп отырғанын айта кеткен жөн. Сөйтіп, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамындағы ауыл шаруашылығы техникаларының және арнаулы техникалардың лизингі бойынша ставканың мөлшері субсидиялануын бірге есепке алғанда, жылдық 12,8% орнына 5,8% құрайды. Субсидия берілу мерзімі оны 7 жылға дейін мерзімін ұзарту мүмкіндігімен - 3 жыл. Анықтама үшін: «СемАз» ЖШС зауыты 2009 жылы іске қосылған. Жобаны толығымен «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырған. Бүгінгі таңда мұнда «Беларус» 80,1, «Беларус» 82,1, «Беларус» 12-21 тракторларының құрастыру өндірісі қалыпты жолға салынған. Зауыттың жұмыс істеп келе жатқан уақыты ішінде барлығы 2 000 артық трактор құрыстырылып, сатылды, соның ішінде 50 % астамы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке табысталды. «СемАЗ» ЖШС өзінің шығаратын өнім ассортиментін үнемі ұлғайтып отырады. «Беларус» тракторлары клиенттің қалауы бойынша кез келген аспалы құрал-саймандармен жабдықталады.

Вернуться к списку
;